Сенбі, 23 Қараша 2024
Саңлақ 5351 4 пікір 3 Сәуір, 2019 сағат 13:34

Азия чемпионаты. Өзбектерден есе қайтара аламыз ба?

16-26 сәуір аралығында Таиланд елінің астанасы Бангкокта бокстан ХХХ Азия чемпионаты өтеді. Екі жылда бір өтетін құрлық біріншілігіне әр елдің ең мықты деген былғары қолғап шеберлері барады.

Еліміз боксшылары соңғы бес Азия чемпионатында үш мәрте командалық есепте көш бастады. Атап айтқанда, 2011 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында екі алтын медаль, 2013 жылы Иорданияның Амман қаласында жеті алтын медаль, 2015 жылы Таиландтың Бангкок қаласында бес алтын медаль жеңіп алып, жалпы есепте жеңіске жеткен.

Ал 2017 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатында қандай "қызық" болғаны бәрімізге белгілі. Өз жерінде өткен чемпионатта өзбек ағайындарымыз 10 салмақтың 9-ында алтын медаль алып, айды аспанға шығарған. Алаң иелерінен артылған жалғыз бас жүлде бізге бұйырды да, өзге 27 елдің боксшылары "алтынсыз" қалған.

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Азия чемпионатында бақ сынайтын спортшылардың тізімін жариялады. Байрақты бәсекеге Қазақстан құрамасы ең мықты 10 боксшысын апарады. Шойын жұдырықты жігіттеріміз Оңтүстік Азия жерінде осыдан екі жыл бұрынғы олқылықтың орнын толтырады деген үміттеміз.

Бангкок шаршы алаңында бақ сынайтын боксшылар: 

49 келі - Теміртас Жүсіпов

52 келі - Әнуар Мұзапаров

56 келі - Қайрат Ерәлиев

60 келі - Зәкір Сафиуллин

64 келі - Санатәлі Толтаев

69 келі - Асланбек Шымбергенов

75 келі - Тұрсынбай Құлахмет

81 келі - Бек Нұрмағанбет

91 келі - Василий Левит

+91 келі - Қамшыбек Қоңқабаев

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3239
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379