Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6765 10 пікір 29 Сәуір, 2019 сағат 13:41

Өткелде ат ауыстырма

Біз украин халқына алғыс айтуға міндеттіміз. Олар бәлки Қазақ жеріне бағытталуы тиіс болған Ресей соққысын өздеріне қабылдады. Міне, 5 жыл шығысында соғыс жүріп жатыр.

Солтүстіктегі агрессор тағы бір сұмдықты бұл елге дайындап отыр. Ресей ЛНР мен ДНР тұрғындарына Ресей паспортын таратуды жеңілдетпек. Бұл дегеніміз белгілі сценарий. "Олар Ресей азаматтары, біз олардың қырылуына жол бермейміз" деген желеумен ертең Ресей ресми түрде әскер кіргізуге мүмкіндік алады. Сөйтіп Украинаның шығысын толықтай тартып алып, өздеріне қосады. Бұған дейін талай елді сөйтіп бөлшектеген болатын.

Бұл сценарийге біздің Ресей каналдарына миы уланып қалғандар шынымен сеніп қалады. "Олардың өз таңдауы", "өз ұлтын қорғауға Ресей құқылы" деп қуып отырады артынан. Оларға түсіндіру мүмкін емес, өйткені мақтабас. Бірақ ол мақтабастар Ресейге келгенде өз ұлтын қоғауға құқылы дегенмен, қазаққа келгенде олай ойламайды. Оған тар қапаста қырылған Қытайдағы қазақ жайлы тіс жармауы дәлел.

Бірақ Қазақ осыдан сабақ алуға тиіс. Солтүстікті мығымдау керек. Дереу көшті еселеп арттырып, шеттен келген қандасқа бар жағдайды жасап, сонда қоныстандыру лазым. Біз бұл жұмысты бастадық, бірақ әлі қарқыны тым аз. Қазақстанда қос азаматтыққа жол жоқ, осы ереже ешқашан өзгермеуі тиіс.

Дана халқымыз "өткелде ат ауыстырма" дейтін еді. Украина үлкен асу мен өткел үстінде жаңа басшы таңдап жатыр. Дұрыс шығар. Бірақ жерінің бір қарысын қас жауына беріп қойса, ондай таңдаудың керегі шамалы болмақ.

Тәуелсіз Украина жасасын. Айбынды әскері кез келген бөлшектеу әрекетіне қарқынды жауап қатсын деп тілеймін.

Асхат Қасенғалидың facebook парақшасынан

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347