Астанада мемлекеттік ономастика комиссиясының жұмысын жетілдіруге арналған республикалық дөңгелек үстел өтеді
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті 2011 жылғы 15 маусымда Астана қаласындағы «Іскер» бизнес орталығының 2 қабатында сағат 15.00-де «Мемлекеттік ономастика комиссиясының жұмысын жетілдіру» атты республикалық дөңгелек үстел өткізеді.
Күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы қарастырылады.
Отырыстың мақсаты - ономастика саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру. Ономастикалық жұмыстың құқықтық негіздерін, қолданылу тетігін және іске асыру нысандарын әзірлеу болып табылады.
«Дөңгелек үстелге» ҚР Парламенті Мәжілісінің депуттаттары, Үкімет жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының мүшелері, облыстық, Астана және Алматы қалалары тіл басқармалары ономастика бөлімінің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
Сонымен қатар, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармалары ономастика бөлімдері басшылары мамандарының баяндамалары тыңдалады.