Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
Бірлік 6814 30 пікір 1 Мамыр, 2019 сағат 13:23

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды бірлік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Республика сарайының алдындағы Абай алаңында өтіп жатқан мерекелік іс-шараға қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау сөзінде Қазақстанның егемен ел ретінде қалыптасуында оңтүстік астанасының орны ерекше екенін атап өтті.

«Құрметті алматылықтар, барлықтарыңызды Бірлік күнімен құттықтаймын. Әсіресе, жастарды. Гүлдену мен татулық тілеймін. Алматыда көптеген ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр. Әралуандығымызға қарамастан бірлікті сақтау - біздің саясатымыздың мәні осында. Берекелі еңбектің арқасында үлкен жетістіктерге жеттік», - деді ҚР Президенті.

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, бірнеше нысанды аралады. Атап айтқанда, Алматыдағы инфрақұрылым жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты. Мемлекет басшысы «Бақытты отбасы» ана орталығына, Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасына барды.

Abai.kz

30 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 371
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1176
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 343
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 316