Сәрсенбі, 13 Мамыр 2026
6208 5 пікір 6 Мамыр, 2019 сағат 16:13

Қырғызстан мектептерінде түлектер кешіне тыйым салынды

Білім және ғылым министрі Гүлмира Құдайбердиева қол қойған жарлық бойынша, мектептерде директорлар мен мұғалімдерге сыйлық алуға және соңғы қоңырау үшін ақша жинауға тыйым салынды.

Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, ойын-сауық мекемелерінде түлектер кешін өткізуге де тыйым салынды.

Қалалық және аудандық білім беру басқармаларының басшыларына бұл күні кезекшілік орнату тапсырылған.

Жарлық орындалмаған жағдайда шара қолданылады, тіпті мектеп басшылары жұмыстан шығарылуы мүмкін.

Қырғызстандағы барлық мектептерде соңғы қоңырау 25 мамырда сағат 9.00-да басталады.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2668
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1800