Балаға саяси-идеологиялық әрекеттер жасату - қателік!
Мына суретті Инстадан байқап қалдым. Тәп-тәтті қазақ бүлдіршіндері балабақшада "Жеңіс күнін" атап өтсе керек. Нұр-Сұлтан қаласы, 65 балабақша деп тұр.
Әрине, ата-баба ерлігін жас ұрпаққа сіңіру маңызды. Бірақ сары жолақты Георгий лентасын тағып қою арқылы, ұлттық идеологияны ысыра салу дұрыс емес. Балаға қандай лента тақсаң да мәз болып ала береді. Өйткені бала, санасы таза. Пәк. Оң мен солын білмейді. Не үйретсең, не көрсетсең қағып алады.
Ал сондай таза санаға Георгий лентасын сіңіріп, айту да оңай. Ондай сәби ертең Георгий лентасын, артынша Ресей империясы мен КСРО-ның басқыншылық әрекеттерін дұрыс деп қабылдауы мүмкін. Себебі балабақшада солай сіңірген. Сол себепті де бұл дұрыс шешім емес деп ойлаймын. Балаға ондай саяси-идеологиялық әрекеттер жасату қателік. Ата-ана балабақшада не істеліп жатқанын білуі міндетті. Қандай тәрбие беріліп жатқанын, қандай идеология барын түсінуі керек.
Елбасының өзі Қазақ Елі жасаған лентамен шыққанын талай көргенбіз. Сонда бұл балабақша қазақ идеологиясы мен қазақстандық лентаға қарсы ма?!
Асхат Қасенғалидың facebook парақшасынан
Abai.kz