«Мәңгілік даңқ» шеруі: қозғалыс қауіпсіздігі күшейтіледі
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, осы күндері департаментке ардагерлердің 25 ұйымынан өтініштер келіп түскен. Олар Жеңіс күні құрметіне, әсіресе «Мәңгілік Даңқ – Бессмертный полк» шеруінің бағыт-бағдарына орай шараларды жоспарлау кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді күшейту жөнінде өтініш жасаған. Ардагерлер ұйымдарының хаттары түгелдей Ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелген.
Алматыда 7–9 мамыр күндері аралығында көптеген мәдени-бұқаралық іс-шаралар жоспарланып отыр. Сонымен бірге осы күндерге 115 мыңнан астам адам қатысатын шеру де жоспарланған. Осыған орай, қалалық полиция жеке құрамның күшейтілген қызмет көрсетуге көшкенін хабарлайды және де азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірегей іс-шаралар қолданылатынын мәлімдейді.
Атап айтқанда, полиция қызметкерлері «Мәңгілік Даңқ» колоннасына ілесе жүріп отырып, қауіпсіздікті күшейтудің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін болады. Сондай-ақ, мереке күндері антитеррористік қауіпсіздік шаралары да күшейтілмек.
2016 жылдың шілде айында Ницца қаласында болған теракт кезінде жүк машинасының халықты таптап өткенін ескере отырып, шеру қозғалысының бүкіл бағыты бойынша антитарандық бетон қоршаулар қойылады. Сонымен қатар, Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті бұзу фактілеріне қатысты барынша нақты алдын- алу шараларын жүргізетіндігін ескертеді.
Құқыққорғау органдары экстремистік қозғалыс өкілдері тарапынан жасалған кез-келген қоғамға қарсы іс-әрекеттерге жедел түрде қарсы іс-қимылдар жасайтынын хабарлайды және заңбұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қатаң іс-шаралар қолданылатын мәлімдейді.
Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Abai.kz