"Бізде бұл бағытта нақтыланған жоспар бар. Жоспарға сәйкес келісімге жыл соңына дейін қол қойылады", - деді Мирзамахмудов.
Өткен аптада Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Өзбекстанға барып, АЭС салатын орынды талқылаған. Бірақ әлі күнге дейін құрылыс орны құпия сақтаулы.
Журабек Мирзамахмудовтың айтуынша, АЭС-тің алғашқы кезеңі 2028 жылы пайдалануға беріледі, екінші кезеңі 2030 жылға қарай салынып бітпек.
"Біздің болжамымыз бойынша Өзбекстанның электр энергиясын пайдалану қажеттілігі сағатына 170 млрд КВт-қа жетпек. АЭС бұл қажеттіліктің 15-16 процентін қамтамасыз етеді", - деп атап өтті "Өзатом" басшысы.
2018 жылдың қазан айында Шавкат Мирзияев пен Владимир Путин Жызақта символикалық түрде АЭС құрылысын бастау түймешігін басқан.
Abai.kz