Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4149 3 пікір 13 Мамыр, 2019 сағат 14:27

Өткен сайлауда бойкотшылар дауыстың бақандай 75% билікке сыйлады

Алдағы сайлауда "бәрі бекер", "бойкот","түбі алдап кетеді" деушілер, тек бір дерекке назар аударуды сұраймын: Биыл Украинада сайлау қаншама тартысты да әділ өткенін баршаңыз білесіз. Соңғы сәтке дейін тіпті президент кім болатыны белгісіз қалды. Осындай шым-шытырыққа қарамастан аталған сайлауға Украина халқының тек 62 пайызы ғана келді.

Ал енді 2015 жылы Қазақстанда өткен науқан - еш қызығы жоқ, каратист һәм эколог қуыршақтар қатыcқан, интрига мен таңдаудан жұрдай, жеңімпазы әу бастан белгілі сайлауға қанша адам келді дейсіз ғой? Онысы ресми деректер бойынша 95 пайыз, бейресми - 20 пайыздан аспайды.

Басқаша айтқанда, әлгі келмеген, сенбеген, айқайлаған, сайлауға қатысам дегеннің аузын бүгінгідей жапқан бойкотшылар дауыстың бақандай 75 пайызын өз қолымен билікке сыйлап берді. Екі ортада бойкотшылар билікпен ауыз жаласты ма деген күдік пайда болады. Басқаша болса жоғарыда айтылған дауыстар өрескел ұрланғанда неліктен біреуі де митинг былай тұрсын, ләм-мим айтуға дәті бармады?

Айтпағым бір, алда келе жатқан сайлауға бір адамдай ат салысайық. Дауысыңыз бен адами хақыңыз ұрланбайтын жалғыз жол осы.

Расул Жұмалының facebook парақшасынан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401