Жұма, 22 Қараша 2024
Саясат 4788 1 пікір 15 Мамыр, 2019 сағат 10:41

Майк Помпео мен Владимир Путин Сочиде кездесті

Сочиде сейсенбі күні кешкісін АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі өтті.

Путиннің көмекшісі Юрий Ушаковтың сөзінше, кездесу бір жарым сағатқа созылған. Путин мен Помпео Сирия, Ливия, Венесуэла, Солтүстік Кореядағы жағдай мен Ресей және АҚШ арасындағы зымыран жөніндегі келісімдерді талқылаған.

Кездесу барысында Украина мен адам құқықтары сөз болмаған. Ушаковтың айтуынша, кездесу айтарлықтай нәтиже бермеген, бірақ Вашингтонның "іске бейімделуі" байқалады.

Кездесуге Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкин де қатысқан.

Кездесу қорытындысы бойынша америкалық тарап әлі түсініктеме бермеді.

Путин мемлекеттік хатшыға "Ресей АҚШ-пен қарым-қатынасты қалпына келтіргісі келеді" деген. Путиннің пікірінше, қазір бұған қажетті жағдай жасалынып жатыр. Ресей президенті сонымен бірге арнайы прокурор Роберт Мюллердің АҚШ-тағы президент сайлауына Ресейдің араласуы жөніндегі тергеу қорытындысын "обьективті" деп атаған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5236