Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3123 0 пікір 16 Маусым, 2011 сағат 21:07

«ҚАРА ЖОРҒАНЫҢ» ЖАҢА НҰСҚАСЫ

«Қара жорға» тәуелсіз Қазақстан мәдениетінде қайтадан жаңғырған және халықтың көкейінен шыққан би болып қалыптасып келеді.

«Қара жорға» - жай қара жорға емес, ол - қазақтың және ұлт тарихының бейнесі.

«Қара жорға» - ұлтымыздың көңіл-күйі, тағдыры, мұңы мен сезімі.

Құдайға шүкір, қазір «Қара жорғаны» еңкейген шалдан еңбектеген балаға дейін билейтін болды. Тіпті «КТК» арнасы бұл бидің көпшілікке бағытталған тетігін тауып, сан ұлтты билетіп, таңнан осы ырғақпен елді жаттықтыратын болды. Бұған қуану керек, мақтану керек.

Бірақ, басқаға қайдам, бізге осы қолданылымдағы «Қара жорға» мәтінінде елдік рух бәсеңдеу, той-томалақтың рухы жоғарылау көрінеді де тұрады. Осыны сезініп, бір жылдан бері таныс ақындарымызға «Осы әуенге сөз жазыңдаршы!» деп өтінумен болдық. Бұл өтінішімізді біреу тыңдады, біреу тыңдамады. Біреу селқос жазды, біреу ықыласпен жазды. Қолымыздағы мәтіндердің ішінде әріптестерімізге қатты ұнағаны - танымал ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, махамбеттанушы, "Тұмар" журналы бас редакторының орынбасары Оңайгүл Тұржанның нұсқасы.

Негізі, Оңайгүл ханым әнге сөз жазатын авторлардың қатарына жатпайды. Ол - қолтаңбасы бөлек, дара ақын. Сондықтан біздің өтінішімізге «Бұл қалай болады екен?» деп қарапайымдылық танытқаны да рас. Бірақ ақын кейінірек: «Бұрын мән бермейді екенбіз. Халық қара жорғаны кеңінен қолдап жатқанын байқадым. Алайда сөзі, шынында, жай той-томалақтың аясында кетіпті. Ал, қазір жұрт елдіктің рухын, елдіктің сөзін сағынып жүр. Сондықтан мен сол рухты жеткізуге тырыстым. Сіздерге рахмет, ой салып, сезімімді қозғадыңыздар!» деді.

Сонымен, қазақтың әнсүйер, өнерсүйер қауымына «Қара жорға» биінің әуеніне жазылған жаңа ән мәтінін ұсынамыз. Мұны әнші, биші әлеумет жылы қабылдайды ғой деп есептейміз.

Бірақ бұл бұрынғы мәтіні түкке алғысыз деген сөз емес, дәстүрлі қазақ ән-күйлері бірнеше нұсқада қатар насихаттала беретінін уақыттың өзі көрсетіп отыр.

Әнуарбек Ералы,

Астана қаласы

«Тіл және мәдениет» қоғамының төрағасы

ҚАРА ЖОРҒА

Әні:  халықтікі
Сөзі: Оңайгүл Тұржаннікі

Қара жорға, дүбірле,
Періштедей күбірле.
Ұрандаған қазақтың,
Демі жатсын үніңде.

Сұлу қара жорғаның,
Ырғағына салғаным.
Билеп шықты, мінеки,
Халқым – қара орманым.

Сарыарқаның даласы,
Сонау Жайық жағасы,
Қаратау да қол бұлғап,
билеп тұр ғой қарашы.

Алаш-жұртым – айбарлым,
Қазыналы, қайнарлым.
Қорғап қалған бұл жерді,
Бабалардан айналдым.

Ақ жүректі, жайдарлым,
Қазақтықтан айналдым, 
Мүмкін еткен барлығын,
Азаттықтан айналдым.

Хас өнерді сүйгендер,
Домбыра алып, күймен кел.
Толқынындай Каспийдің,
Толқып-толқып билеңдер.

Жетісу мен Зайсаны,
Сырдың бойы – жайсаңы,
Қара жорға тербеліп,
Сәлем алып қайтады.

Орта толсын, ағайын!
Орта толсын, ағайын!
Көрейінші жүзіңнен,
Атқан таңның арайын.

Ерекше ғой үн бүгін, 
Билейтұғын күн бүгін.
Осы бимен халқымның, 
Көрсетейік бірлігін.

Бағасындай алтынның, 
Көрсетейік салтын мың.
Жарқыраған мінезін, 
Көрсетейік халқымның.

Қара жорға, дүбірле,
Періштедей күбірле.
Ұрандаған қазақтың,
Демі жатсын үніңде.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550