Бейсенбі, 3 Қазан 2024
2795 1 пікір 23 Мамыр, 2019 сағат 18:33

Жас ғалымдардың республикалық конгресі өтеді

2019 жылы 23 мамырда Жастар жылы аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (Қ.Сәтбаев көшесі 2, бас ғимарат, «Гумилев» атриумы, сағ.11.00 ) Жас ғалымдардың республикалық конгресі өтеді.

Конгресс мақсаты:

Елбасының мемлекеттік бағдарламаларының негізгі тұжырымдамаларын іске асыру шеңберінде түйінді проблемаларды инновациялық индустрияландыру арқылы жаңғыртып, елдің экономикалық жағдайын жақсарту;

Қазақстанның инновациялық даму жолын жаңа сатыға көтеру;

озық технологиялық бағыттар бойынша тәжірибе алмасу;

ЖОО-ның ғылыми қызметінің жаңа әлеуетін көрсету.

Міндеттері:

Әлемдік саяси, техникалық-экономикалық мәселелер контекстінде жаһандық сын-қатерлер мәселелерін қарастыру.

Жас ғалымдарды белсенді тарту арқылы ел дамуының инновациялық жолдарын кеңейту.

Қазақстан ғылымының заманауи сын-қатерлерін талқылау.

Мемлекет отандық ғылым алдына қойған міндеттерді шешу мақсатында күш-жігерді шоғырландыру.

Жастар коммуникациялық алаңдарын дамыту.

Тәжірибе алмасудың тиімділігін, жас ғалымдардың өзекті идеяларын арттыру.

Кәсіби ынтымақтастықты дамыту.

Еліміздің Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаев алға қойған міндеттерді шешуде даму векторларын анықтап, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруі үшін тиімді стратегия құру.

Конгресте ғылым саласын одан әрі жаңғырту, ғылыми-техникалық зерттеулерді коммерцияландыру, зертханаларды, зерттеу институттарын материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады.

Іс-шараға еліміздің жоғары оқу орындарының жас, белгілі ғалымдары, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысады.

ЕҰУ жас ғалымдарының еліміздің ғылыми ортасында салмақты орны бар. Білім алушы контингенттің 25 пайыздан астамы ғылыми-зерттеу жобаларына тартылған.

Бүгінгі таңда ЕҰУ жас ғалымдары өз жетекшілерімен бірге отандық ғылым үшін бес басым бағыт бойынша ғылыми жобаларға қатысады: өмір туралы ғылым, энергетика, шикізат пен өнімді терең өңдеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, елдің зияткерлік әлеуеті.

Мұнда студенттік ғылыми қоғам, инновациялық кәсіпкерлікті қолдайтын "Startup-жобалар" аймағы, бизнес-жобалар дайындау мен консалтингтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.  Сонымен қатар шағын инновациялық кәсіпорындар мен стартаптар құрылуда.

Сонымен қатар, ЕҰУ рейтинг бойынша бірнеше жыл қатарынан алдыңғы орында: QS World University Rankings және Times Higher Education World University Ranking-да дәйексөз бойынша қазақстандық жоғары оқу орындары арасында 1 орын; Халықаралық ғылыми метрикалық деректер базасына (Thomson Reuters, Web of Science, Scopus, Sci Dire) кіретін импакт - факторлы журналдардағы ғылыми жарияланымдардың саны бойынша 1 орын; «2011-2015, 2017-1018 жылдардағы Қазақстанның ең дәйексөзді ғылыми ұйымдары» номинациясында (Web of Science) жас ғалымдардың еңбегі зор.

Бұдан басқа, университет ғалымдары ғылыми журналдардың нәтижелілігіне үлкен үлес қосады. Атап айтқанда: «Scopus» халықаралық библиометриялық деректер базасында: «Eurasian Mathematical Journal», «Eurasian Journal of Mathematical and Computer Applications», «Еуразия физика және функционалдық материалдар журналы».

Ең танымал қазақстандық ғалымдар да осында жұмыс істейді, ал олардың 30% - ын жас ғалымдар құрайды.

Abai.kz

1 пікір