Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
6212 2 пікір 23 Мамыр, 2019 сағат 18:37

Маусымда малшылар слеті өтеді

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Қаратаудың баурайында маусым айының 1-2-сі күндері дәстүрлі Малшылар слеті өткізіледі, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Аталған шара облыс көлемінде биыл 5-ші рет ұйымдастырылып отыр. Малшылар слетіне ҚР Ауыл шаруашылығы министірлігінің, Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының, «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы холдингінің өкілдері, республикамыздың белгілі ғалымдары, төрт түлік малдың республикалық палаталары, жабдықтаушы кәсіпорындар және еліміздің барлық өңірінен делегациялар келеді деп күтілуде.

– Малшылар слетінің негізгі мақсаты – төрт түлік төңірегіндегі ата кәсіппен шұғылданатын қауымға бұл шаруаның жаңа замандағы мәні мен мағынасы туралы ой салу, осы кәсіпті кеңейтіп, оны одан әрі дамытудың жолдары туралы пікір алмасу. Жыл бойына жаздың ыстығына, қыстың суығына қарамастан төрт түлік малды өсірумен айналысып жүрген шаруалардың еңбектері орасан зор. Осындай еңбек азаматтарының жыл бойына атқарған еңбегін бағалап, жақсы жетістікке жеткен тұлғаларды насихаттау,- деді Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сейілбек Серғазыұлы.

Айта кетейік, шарада 11 номинация бойынша жыл қорытындысымен үздік малшылар марапатталады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1343
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2921
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 999
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 930