Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
46 - сөз 5576 22 пікір 27 Мамыр, 2019 сағат 11:05

Тіл мен жемқорлықты жою күресінде Грузиядан үлгі алайық!

Маған Грузия елі ұнайды. Сәті түскенде міндетті түрде барып көремін. Грузия Ресейге үнемі қарсы шығып келді. Әлі сол позицияда. 1956, 1978, 1989 жылдары қылышынан қан тамған КСРО-ға айбат шекті. Алаңда тұрды, қырылды.

1978 жылы Грузияда Кеңес империясына соққы берген оқиға болды. Жаңа Конституция бойынша орыс тілі барлық одақтас елде мемлекеттік тіл болып бекітілді. Орыстандыру саясаты күшейді. Алайда грузиндер бұған көнбеді. "Шығыс шұғыласы" газетіне жаңа Конституцияның тілдік саясаты жария болған мақала шыққанда, Грузия зиялылары дүр сілкінді. "Тіліміз өлсе, тірідей өлгеніміз" деді олар. Олар грузин тілі жайлы, ұлттық құндылықтар негізінде мақалалар жазды. Жазушылар, тіл мамандары мен зиялы қауым саяси белсенділік танытты. Көшеге шығып, наразылық шеруін өткізуге шақырды. Ал билік оларды 1956 жылғы оқиғамен қорқытты. 56-жылы наразылық шеруінде билік грузиндерді автоматпен жайратып салған болатын.

Бірақ...сын сағаты 14 сәуірде соқты. Тбилиси көшелеріне жүз мыңнан аса студент, мұғалім мен зиялы қауым, қарапайым халық шығып, грузин тілінің тұғырын талап етті. Мына қызықты қараңыз. Олардың талаптары орындалды. Грузин тілі мемлекеттік болып қайта бекіді. Мектептерде қысқартылған ана тілі қайта көбейді. Шеруге шыққан он шақты адам бес жылға сотталды. Олар тілін сақтап қалғанына бақытты еді. "Aл ана тіліміз үшін бес жыл торда отырсақ ештеңе етпес" деді көбі.

Сол Грузия тәуелсіздік алғаннан кейін Ресеймен қақтығысып келеді. 2008-де тіпті ашық соғысты. Өйткені ол Мәскеудің қолбаласы болғысы келмейді. Жетістігі жетерлік. Жемқорлықпен күресте ТМД бойынша оқ бойы озық.

Қазақ грузиннен кем емес. КСРО-да сан мәрте алаңға шыққан. 79 бен 86-ның ызғарын да, батыр боздақтарды да ұмытқан емеспіз. Тек бір әттеген-ай дейтініміз, тіл үшін күресте тәуелсіз бола тұра тұралап тұрғанымыз. Бір дүниені ұмытпайық. Тілі өлген ұлт - тірі өлген ұлт!

Тіл мен жемқорлықты жою күресінде Грузиядан үлгі алайық.

Асхат Қасенғалидың facebook парақшасынан

Abai.kz

22 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1123
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2658
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 740