Сейсенбі, 1 Сәуір 2025
3301 1 пікір 28 Мамыр, 2019 сағат 10:49

Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімін қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановты қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына өңірдің биылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жоспарлары жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтарының, соның ішінде көпбалалы отбасылардың мәселелерін шешу үшін Қарағанды облысында қабылданған шаралар туралы баяндалды.

Сонымен қатар, Ерлан Қошанов ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы жөнінде айтты.

Қазақстан Президенті облыс әкіміне өңірге тартылатын инвестиция көлемін артырып, өнеркәсіп өндірісінің өсімін қамтамасыз етуді, сондай-ақ, облыс орталығы мен ірі қалаларда тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылым салу қарқынын жеделдетуді тапсырды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 257
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 330
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 407
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 238