Жұма, 22 Қараша 2024
4074 2 пікір 29 Мамыр, 2019 сағат 16:43

Қызылорда облысы үздіктер қатарына енді

Соңғы жылдары Қызылорда облысының экспорттық әлеуеті артқан. Бұрын облыстан шетелге ауыл шаруашылығы саласында 3 түрлі өнім жіберілсе, бүгінде 16 түрлі тауарды шекара асуда. Айталық, аймақта әлемдік бәсекелестікте өзіндік артықшылыққа ие 21 тауар бар. Оның ішінде облыс 4 тауар бойынша әлемдегі экспорттаушы елдердің үздік бестігіне ендеді. Атап айтқанда, тұз, күріш, балық және минералды заттарды битуммен араластыруға арналған машиналар (өңдеу өнеркәсібінде қолданылады). Облыстың басты бренд сыр салысы екені мәлім. Ұсақталған күріш экспорты бойынша Қызылорда облысы әлемде алғашқы орында.

Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жаханов:

– Жаһандық салыстырмалы артықшылыққа қол жеткізуде балық өнімдерінің экспортын қажетті деңгейге дейін ұлғайту зор мүмкіндік болып табылады. Бұл индекс елдің тауар экспортының халықтың жан басына шаққандағы орташа әлемдік көрсеткішке арақатынасын өлшейді,- деп атап өтті.

Жалпы, соңғы 5 жыл ішінде аймақта асыраушы салада дамудың оң динамикасы бар. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі 27 есеге өскен. Былтырғы жылы облыстан сыртқы нарыққа жол тартқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 34,5 млн.долларды құраған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320