Тараз қаласында 500 орындық студенттер үйін салынады
Елбасы Үндеуінің үшінші бастамасы – “Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту” деп аталғаны белгілі.
Елбасының аталған бастамасы әр өңірде қызу талқыланып, соның негізінде іргелі істер қолға алынған. Мәселен, Жамбыл облысында 3 жоғарғы оқу орны бар. Олар: ТарМУ, ТарМПУ, ТИГУ. Бүгінде аталған оқу орындарының екеуінде жатақхана бар. Оларға 1264 студент қоныстанған. Енді осыларды тарқатып айтсақ.
Біріншіден, Тараз мемлекеттік университетінде 11726 жас білім алады. Сол жастардың 657 сі жатақханаға мұқтаж. Алайда, университет басшылығы бұл мәселені шешу үшін университет жеріне 500 орынды студенттер үйін салуды жоспарлап отыр. Бұл жобаның жалпы құны – 1,3 миллиард теңгені құрайды. Қазір жатақхана инвесторы “ПИКО” ЖШСі құрылыс жұмыстарын бастаған.
Екіншіден, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті. Бүгінде аталған оқу орнында 5835 студент білім алып жатыр. Олардың 780 і жатақхана мәселесіне тап болған. Бірақ, қазір мұндада ,7 гектар жерге 5 қабатты 500 орынды жатақхана салынбақ. Құрылыс нысаны алдағы мамыр айында басталатын болады.
Өңірдегі тағы бір жоғары оқу орны Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті. Қазір аталмыш білім ордасында 4020 студент оқиды. Олардың 200 ден астамы жатақханаға мұқтаж. Университет басшылығы бұл мәселені шешу үшін “Тараз” қонақ үйін сатып алған. Яғни, алдағы қараша айында бұл қонақ үй студенттер үйне айналып, 200 студентті қамтымақ.
Сонымен қатар өңірде 3 колледжге жатақхана салу жүмыстары басталмақ. Олардың жалпы орын саны 750 болған. Ол колледждерге:
Бүгінде 942 студент білім алатын Жамбыл гуманитарлық колледжіне 300 орынды жатақхана қажет. Ол үшін қазір тараз қаласы 15-мөлтек ауданы аумағынан 1,3 гектар жер бөлінген. Алдағы уақытта жатақхана құрылысы басталады.
Сондай-ақ, 2300 тәлімгері бар Жамбыл медициналық колледжіне де 350 орынды студенттер үйі салынбақ. Ол үшін 1,0 гектар жер телімі бөлінген. Қазіргі таңда инвесторлармен құрылыс жұмыстары бойынша келісім шарт жүргізіліп жатқан көрінеді.
Тағы бір жатақханаға мұқтаж колледж – Меркі оқу орны. Бұл оқу орнында қазір де 600 студент білім алады. Ал, оларға 100 орынды жатақхана қажет. Бүгінде Меркі колледжінің 100 орынды жатақхана мұқтаждығын шешу үшін 2,0 гектар жер берілген. Алдағы уақытта аталған университет те жатақхана мұқтаждығын шешпек.
Қазір еліміздегі жоғары білім беру ошақтарында оқып жатқан 530 мыңнан астам студенттің 30 пайызы мемлекеттік гарант иегерлері. Бұл көрсеткіш жыл сайын көбеіп келеді. Елбасының тапсырмасына орай, енді оған тағы қосымша, 20 мың білім гранты бөлінбек. Ол гранттардың жартысынан астамы техникалық мамандықтарға беріледі. Қазір әлемде ақпараттық технология, робот техникасы, нанотехнология, инженерлік салаларға басымдық беріліп отыр. Сәйкесінше, Қазақстан да өркениетті көштен қалмау үшін осы сала мамандарының даярлануына үлкен көмек жасамақ. Бұл жастарға деген мемлекет қамқорлығының нақты үлгісі.
Сонымен қатар, мемлекет тарапынан студент жастардың тек білім алып қана қоймай, жайлы, ыңғайлы өмір сүруі үшін де жастар жатақханасының санын көбейтті. Сөйтіп, алдағы үш жыл ішінде 75 мың жаңа студенттер үйі салынбақ. Мемлекет жоспарына сай, бұл нысандар алдағы уақытта жатақхана жетіспеушілігін біржола шешпек.
Abai.kz