Сенбі, 23 Қараша 2024
Аймақ 5015 2 пікір 5 Маусым, 2019 сағат 15:31

Қызылорда облысы ауызсумен қамтуда алдыңғы қатарда

Еліміз бойынша Қызылорда облысы сумен қамтамасыз етудің бірыңғай операторы құрылған алғашқы өңір саналады. Ал елді мекендерді сумен қамту бойынша республикада екінші орында (Алматы облысы - 89%, Қызылорда облысы - 83%) тұр, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаинның:

– Қызылорда облысында орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуде бірқатар жетістікке қол жеткізген. 2017 жылдың маусым айына дейін Қызылорда облысында оқшау ауызсу жүйесін пайдаланатын 10 мекеме жұмыс істеді. Алайда осы мекемелер тұтынушыларды ауызсумен үздіксіз қамтамасыз ете алмады. Себебі, жергілікті жерде кәсіби мамандардың тапшылығы, материалдық-техникалық базаның әлсіздігі, арнайы техникаларының болмауы, төмен және әр түрлі тарифпен сумен жабдықтау жүйесін дұрыс пайдаланбауға әкелді. Сондықтан облыстағы "ҚазСуШар" мекемесі "Арал" филиалының материалдық-техникалық әлеуетін пайдалану үшін, аудандардағы локалды су беруші мекемелерді Филиалдың теңгеріміне беріп, республикада алғаш болып өңірде Бірыңғай оператор құрылды, - деп атап өтті.

Бірыңғай оператор құру арқылы бірқатар түйткілдерді түйіні тарқаған. Айталық, тәулік бойы су алатын ауылдық елдімекендер саны 88-ден 145-ке дейін көбейсе, оқшау (локалды) су пайдаланушыларға бірыңғай тариф бекітілді (386,95 теңге/м3), материалдық-техникалық базасы жақсарған. Соның нәтижесінде тұтынушылар тарапынан түсетін арыз-шағым әлдеқайда азайған.

Қазіргі таңда өңірде 235 елдімекен бар. Қалалық елдімекендердегі халықтың 98 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылса, ауылдық елдімекендердің 83 пайызы топтық су құбырлары және су тарату жүйесі бар скважиналар арқылы орталықтандырылған су жүйесіне қосылып, 427,8 мың адамды немесе ауылдағы халықтың 97 пайызын қамтиды. Ал қалған 39 елдімекен (16,8%) орталықтандырылмаған жүйеден (оқшау скважиналар, құдықтар, тасымал арқылы) су тұтынуда. «Бұл негізінен халқы аз ауылдар және онда су жүйесін салу экономикалық тұрғыдан тиімсіз» - деп атап өтті М.Усаин.

Естеріңізге болса, Қызылорда облысының әлеуметтік- экономикалық дамуының 2019-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспары бекітілді. Кешенді жоспарға әлеуметтік маңызы бар жалпы құны 29 млрд теңге болатын сумен жабдықтау және су бұрудың 14 жобасы енгізілген еді. Осы жобалар іске асқан кезде 111 мың адам сапалы ауызсумен қамтылмақ.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371