Қызылордалық өрендер демалысын қызықты өткізбек
Бүгінгі күні облыстағы 9 сауықтыру орталығы мен демалыс лагерінде екінші ауысымда 1300 бала демалуда, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.
Жаз соңына дейін аталған лагерьлерде 10 мыңға жуық бала тынығатын болады. Сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүгедек балалар, көп балалы және аз қамтылған отбасылар балаларының демалысы, туристік экскурсиялар, саяхаттар, мектеп жанындағы лагерьлер және қосымша білім беру бағытында жүзеге асырылмақ.
Айта кетейік, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардағы 26 мың бала толығымен жазғы демалыспен қамтылмақ.
Ал демеушілер есебінен 16 мың бала (2018 ж 15,6 мың бала) тынықса, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектеп туризмін жандандыру бойынша 20 мың бала (2018ж. – 15,5 мың бала) өңірдегі киелі тарихи-мәдени орындарға саяхат жасайды.
Қызылорда облыстық білім басқармасы өңірдегі барлық сауықтыру және тынығу орындарында балалардың жазғы маусымдағы демалысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қатаң бақылауға алынғандығын жеткізді.
Abai.kz