Сенбі, 23 Қараша 2024
4032 14 пікір 24 Маусым, 2019 сағат 11:34

"300 жылда қолымыз жетпеген арманға Нұрсұлтан Әбішұлы қолымызды жеткізді"

«Кемеңгерліктің 30 жылы» конференциясы тарихтан сабақ алуға мүмкіндік берді. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов осылай дейді.

«Біздің көпшілігіміз, осында отырған замандастар екі дәуірде өмір сүріп келеміз. Бүгінгі кездесуіміз кейбір шолақтау ойлайтын замандастарымыз бағалағандай, өткенді аңсау емес. Бүгін тарихтан сабақ алып, өсу жолдарымызды жадымызда сақтадық, теңсіздіктен арылып, елдікке қол жеткізудің  қадір-қасиетін түсіндік. Сіздің ел басшылығында қызмет еткен 30 жылыңызға орай өтіп жатқан конференцияға Қасым-Жомарт Тоқаев  екеуіңіз қатысып, сөз сөйлегендеріңіз - ынтымақтың, билік бірлігінің үлгісі. Нағыз мемлекеттік өркендеу сабақтастығының айқын көрінісі десек болады. Бүгінгі баяндамаңызды толқымай тыңдау мүмкін емес. Мен бұны сіздің атқарған парызыңыздың кодексі деп қабылдадым», - деді Қуаныш Сұлтанов.

Қуаныш Сұлтановтың айтуынша, Елбасының әр жылдары көтерген бастамасы, мемлекет мүддесіне айтылған әрбір сөзі, қалың елдің көңілінен шығып келеді. «Студент жастардың шеруіне байланысты 1987 жылы орталық комитеті арнайы қаулы қабылдап «қазахский национализм» деп баға берді. Нұрсұлтан Назарбаев осы қаулының әділетсіздігін дәлелдеп, әлденеше рет саяси мінберлерге шығып жүріп, қаулының күшін жойғызды. Бұл билеуші компартия тарихында бұрын соңды болмаған нәрсе. Бірінші хатшы болысымен 1 айдан кейін Қарағандыдағы шахтерлердің ереуілін тоқтатты. ҰОС-та ерлігі қазақ шеңберінен алысқа шығып жүрсе де лайықты бағасын ала алмаған Бауыржан Момышұлына Кеңес одағы батыры атағын бергізді. Мемлекеттік басқаруды жаңғыртып, Семей полигонын жапты. Космодром қазақ жерінде болса да қазақ ғарышкерлері болмаған. Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевты ғарышқа ұшырды. Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайын өткізіп, 1 млн отандасымыздың отанына оралуына есік ашып, жағдай жасады. 30 жылда осыдан бұрын 300 жылда қолымыз жетпеген арманға Нұрсұлтан Әбішұлы қолымызды жеткізді», - деді Қуаныш Сұлтанов.

Айта кетейік, бүгін Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көшбасшылық феноменін зерттеуге арналған «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық ғылыми конференция өтіп жатыр.

Конференцияға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371