Сейсенбі, 26 Қараша 2024
2812 0 пікір 27 Маусым, 2019 сағат 11:49

Сыр өңірі ауыз сумен қамту бойынша алда келеді

Өңірлерді ауыз сумен қамту мәселесін шешуде Сыр өңірі республика бойынша екінші орында. Мұнда аймақты ауыз сумен қамтудың бірыңғай операторы құрылған. Айта кетерлігі, мұндай бірыңғай оператор әзірге тек Қызылорда облысында ғана бар.

Кеше Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша Алматы облысы мен Қызылорда облысы әкімдіктерінің тәжірибесін айтты.

– Ауыз сумен қамтамасыз етуде жоғары нәтиже көрсеткен әкімдіктердің жұмысын атап өткен жөн. Бұл бағытта Алматы облысы – 89, Қызылорда облысы 83 процент көрсеткішке қол жеткізді, – деді Үкімет басшысы.

Ал, өңірдегі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаинның айтуынша, Сыр аймағының тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен қамту жүйелі жолға қойылған.

-2017 жылдың маусым айына дейін облыста оқшау ауыз су жүйесін пайдаланатын 10 мекеме жұмыс істеді. Алайда бұл мекемелер тұтынушыларды ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ете алмады. Жергілікті жерде кәсіби мамандардың тапшылығы, материалдық-техникалық базаның әлсіздігі, арнайы техникаларының болмауы, төмен және әртүрлі тариф жұмыс жүйесіне әсер етті. Сондықтан «ҚазСуШар» мекемесі «Арал» филиалының материалдық-техникалық әлеуетін пайдалану үшін, аудандардағы локалды су беруші мекемелерді филиал теңгеріміне беріп, республикада алғаш болып өңірде бірыңғай оператор құрылды, – деді М.Усаин.

Қазір бірыңғай оператор құру нәтижесінде Қызылорла облысында тәулік бойы су алатын ауылдық елді мекендер саны 88 ден 145 ке дейін көбейген. Сонымен қатар, оқшау (локалды) су пайдаланушыларға бірыңғай тариф (386,95 теңге/м3) болып бекітілді. Және, саланың материалдық-техникалық базасы жақсарып, ең бастысы, тұтынушылардан түсетін арыз-шағым азайған.

Айта кетейік, бүгінде Сыр өңірінде 235 елді мекен бар. Оның 232 сі ауылдық елді мекен болса, үшеуі Қызылорда, Арал, Қазалы сынды қалалар. Аталған қала халқының 98 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Ал, ауылдық елді мекендердің 83 проценті топтық су құбырлары және су тарату жүйесі бар скважиналар арқылы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Нәтижесінде 427,8 мың адамды немесе ауылдағы халықтың 97 проценті ауыз сумен  қамтамасыз етіліп отыр. Сонымен қатар, 39 елді мекен немесе 16,8% суды орталықтандырылмаған жүйеден, яғни, оқшау скважиналар, құдықтар, тасымал арқылы  тұтынуда.

Басқарма басшысының айтуынша, жалпы  халқы аз ауылдарға су жүйесін салу экономикалық тұрғыдан тиімсіз болатын көрінеді.

Ал, жуырда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019-2022 жылдарға арналған Кешенді жос­пары бекітілген болатын. Онда әлеуметтік маңызы бар жалпы құны 29 млрд теңгені құрайтын сумен жабдықтау және су бұрудың 14 жобасы енгізілген. Егер аталмыш жоба іске асса, 111 мың адам сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Жобаға сәйкес, биыл  3 жоба – 8 мың адамды, 2020 жылы 4 жоба – 2 мың адам; 2022 жылы 5 жоба – 101 мың адамды қамтымақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6021