Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4248 10 пікір 3 Шілде, 2019 сағат 11:54

Шетелдік компаниялардағы кадрлық саясаттың реттелмегеніне 30 жыл болды

Атыраудағы CCEP деген мұнай компаниясында істейтін арабтың жігіті қазақтың қызын (қазақтың өзін) қорлап суретке түседі. Оны бүкіл әлемге таратады. Тағы бір шетелдік әлеуметтік желінің тікелей эфирінде қазақтың қызымен жыныстық қатынасқа түседі. Осыны күнде көріп, естіп, біліп жүрген қазақ мұнайшылары тағы қанша уақыт шыдауы керек еді? Басшылығына, билікке ескертпеді емес, жазған, айтқан, талап еткен. Бірақ ештеңе орындалмаған, себебі құлақ аспаған.

Мәселе тек сол қызда емес. Бұл қазақ жігіттерінің ашуының, шыдамының шегі еді. Айтар болсақ, шетелдік компаниялардағы еңбек қатынастары, кадрлық саясаттың реттелмегеніне 30 жыл болды. Шетелдіктер ешқандай жазалаудың, заңның жоқ екенін көріп алған. Содан ойларына келгенін істейді. Кәнігі маман деп шетелден әкелгендердің дені мұнай компаниясының аула сыпырушысы, көлік жүргізушілері болып жүр. Ал енді осы жұмысты геодезиялық, мұнай-газ саласындағы, техникалық білімі бар қазақ жігіттері істей алмай ма?! Тепсе темір үзетін қанша азаматымыз тентіреп жүр. Оларды жұмысқа алмайды, алу үшін пара сұрайды, алса да «үйт, бүйт, сөйт» деп түртпектеп отырады, жалақыны өздеріне қарағанда аз береді, тамақты қазақтардан бөлек отырып ішеді. Осындай теңсіздіктер әлеуметтік наразылыққа ұласпағанда қайтеді, ашуға булыққан адам не істемейді.

Заң жүрмеген жерде халықтың соты болады. Еңбек қатынастарын мемлекет реттемейінше осылай бола береді. Сондықтан мәселеге әріден қарау керек. Бұл наразылықтан билік нәтиже шығармай, күшке салып, жігіттер тағы да қудаланатын болса, елдің қайта көтерілуі кәдік.

Айналып келгенде осының бәріне жауапты биліктің өзі. Бірдей жалақы қойса (президент Тоқаев солай уәде берген), көрінген жұмыстың бәріне шетелдіктерді әкеле бермесе, жағдай ушықпас еді. Бұл әрекетке жігіттер «жұмыстан шығарса шығарсын, не болса о болсын»,- деп саналы түрде барып отыр.

Бұның бәрі мемлекетімізде жүйелі басқарудың жоқтығының, инерциямен ғана келе жатқанымыздың көрінісі. Ұлттық идеологияның жоқтығын айтып, дәледеудің өзі артық. Ең қиыны, қыста Қарағанды, кеше Алматы мен Астана, Арыс пен Шымкент, бүгін батыстағы толқулардың елдегі жалпы саяси тұрақсыздық жағдайында болып отырғаны.

Ел жемқорлық жайлаған биліктен, нәтижесі жоқ ауыс-түйістің барлығынан шаршады.

Мәди Манатбектің facebook парақшасынан

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371