Сенбі, 23 Қараша 2024
2975 1 пікір 3 Шілде, 2019 сағат 12:17

«2019 жылдың мамыр айынан бастап 1480 көп балалы отбасыға баспана берілді»

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында халықтың аз қамтылған тобын, сонымен қатар жұмыс істейтін жастарды баспанамен қамту шаралары туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр баяндады.   

ҚР ИИДМ деректері бойынша, «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында көп балалы отбасылар үшін тұрғын үй сатып алуға және салуға қаржы қарастырылды. Республикалық бюджеттен жылына 2 млрд теңге бөлу жоспарлануда немесе 7 жылда 150 млрд теңгені құрайды. Жыл сайын тұрғын үймен 6 мың көп балалы отбасы қамтамасыз етілетін болады. 7 жылда 40 мың отбасы. Осы жылдың мамыр айынан бастап 1480 көп балалы отбасыға баспана берілді.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы жұмыс жасайтын жастардың еңбек мобильділігін қамтамасыз ету үшін 2019-2021 жылдары жылына 1 мың жалдамалы пәтерлердің құрылысы жоспарланған.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыс жасайтын жастар үшін жалдамалы тұрғын үйлерді сатып алуға және салуға қаржыландыру көлемі ұлғаюда. Бұл бізге жұмыс жасайтын жастарға 2019, 2020 және 2021 жылдары 3 мың жалдамалы пәтерден беруге мүмкіндік береді», — деді Р. Скляр.

ҚР Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі көп балалы, толық емес отбасыларға және мүгедек балалары бар отбасыларға тұрғын үй алуға жылдық 2%-бен 10% алғашқы жарнамен жеңілдетілген несие беруді бастады. Бұл мақсаттарға үш жыл ішінде 150 млрд теңге бөлу қарастырылған. Жыл сайын әлеуметтік көмекпен 6 мың отбасы қамылатын болады.

ҚР Ұлттық банкімен бірге жалдамалы тұрғын үйді дамытуға жеке инвесторларды тарту тетігі әзірленуде, осының есебінен қосымша 10 мың жалдамалы пәтер салуға мүмкіндік береді және жылына 20 мың отбасыны баспанамен қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік тұрғын үйді үйлестіру тетігін жетілдіру және бұл процесстердің айқындылығын жоғарылату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл үшін Бірыңғай республикалық автоматтандырылған кезекте тұрушылардың базасы құрылуда. Азаматтар өз кезектерінің жылжуын онлайн режимде қадағай алады.

«Жалпы қабылданып отырған шаралар тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың мәселесін қысқа мерзімде шешуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары уақытылы және толық орындалатын болады», — деді министр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371