Сенбі, 23 Қараша 2024
3831 1 пікір 5 Шілде, 2019 сағат 13:28

Президенттің кеңесшісі қызметінен босатылды

Ержан Бабақұмаров Президент кеңесшісі - Президент Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

- Мемлекет басшысының Өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды, - деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров 1969 жылы 2 наурызда дүниеге келген. Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры, саясаттанушы, саяси ғылымдар кандидаты. ҚР Саяси ғылымдар академиясының академигі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1991) саясат тарихының оқытушысы мамандығы бойынша оқыған. 2005-2006 жылдары Президент Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі қызметін атқарды. Ал 2019 жылдың 5 сәуірінде Президент кеңесшісі болып тағайындалды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404