Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3466 0 пікір 8 Шілде, 2011 сағат 01:22

Қазақстандық Ерлан Андағұлов алғашқы Бейжің халықаралық балет және хореография әртістерінің конкурсына қатысады

БЕЙЖІҢ. 7 шілде. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытай астанасында алғашқы Бейжің халықаралық балет және хореография әртістерінің конкурсы (IBCC) басталды. 10 күн бойы 20 елден келген 80 әртіс пен хореографтар Қытайдың Үлкен ұлттық театры сахнасында өз шеберліктерін паш етеді.

Қытай Үлкен ұлттық театры директорының орынбасары Дэн Ицзянның айтуынша, байқау талантты балет әрістері мен хореографтарды танып, мадақтауға және өнер саласында халықаралық байланыс орнатуға бағытталған.

Байқауға Қазақстан атынан бір ғана әртіс - Ерлан Андағұлов қатысатынын айта кету керек. Қазақстандағы балет саласына тоқталған халықаралық сарапшылар ерлер мектебін атай кетті.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші Бейжің халықаралық байқауын Қытай Халық Республикасы Мәдениет министрлігінің қолдауымен 7 шілде және 17 шілде күндері Қытай үлкен ұлттық театры өткізуде.

Байқау лауреаттары мен оған қатысқандар 16-17 шілде күндері болатын гала-концертке қатысады.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1438
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3013
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1079
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1006