Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2595 0 пікір 8 Шілде, 2011 сағат 05:51

Қара бала. Бізге ҚҰҚ керек

Қазіргі билік халықты халық демейтін болды. «Қаражанбас» кен орнының мұнайшылары айдан астам ереуіл жасап, адамдар тағы аштық жариялады. Бірақ биліктің мұнымен ісі жоқ. Қазір қазақ халқының халі мүлде нашарлап кетті. Мұнайдың қанша өндіріліп жатқаны, қайда кетіп жатқаны белгісіз. Бұрындары «бәрі прозрачный болады» деп еді, енді өзіміздің биліктегілер шет елдіктермен бірігіп елді тонап жатыр. Мемлекеттің ақшасын талан-таражға салғандарға ешқандай жаза қолданылмайды. Сыбайлас жемқорлықпен күресеміз деп билік өтірік айтады.

Қазір барлық салада тәртіп жоқ. Соның салдарынан бір де бір заң орындалмайды. Билік болса «дамып жатырмыз» деп өз өтірігіне өзі сеніп отыр. Ал халықтың жағдайы сол бұрынғысынша нашар. Қылмыс көп. Жыл сайын бәлен зауыт ашылып жатыр, бірақ бір де біреуі жұмыс жасамайды. Мысалы, Маңғыстауда соңғы он жылда он беске жуық зауыт ашылды. Жыл сайын бір зауыттың лентасын қиып, облыс әкімі барып қайтады. Бірақ сол зауыттардың біреуі өнім беріп жатқан жоқ. Тек алдау. Алаяқтық. Осындай берекесі кеткен елді жолға салатын біреу табылар ма екен? Діннің айналасы тіпті қиын. Талай жастар жолдан адасып, біреу «әкең дұрыс емес» десе әкесін өлтіруге дайын жүр.

Бәрінен бұрын Парламенттегі депутаттардың намыссыздығы, елдің атынан ештеңе айта алмайтыны, шетінен басын баққан байғұстар екендігі қинайды. Ұлтын сүйген адамның болмағаны ұлтқа қатер төндіреді. Кез келген саланы алып қарасаңыз, барлық жерде тек қазақтар ғана моралдық, материалдық қысым көріп отыр. Ел әбден азуға айналды. Ұлттық рух жоғалып кеткендей. Мұндай жағдайда не істемек керек? Қазақтың тілі қор болып, жері әркімге беріле бастады. Енді не күтеміз? Бүйтіп тып-тыныш өле салғанша, бір әрекетке барған дұрыс. Меніңше, «Қазақ ұлтшылдарының қоғамын (ҚҰҚ)» құру керек.

Маңғыстау облысы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413