Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2539 0 пікір 8 Шілде, 2011 сағат 05:59

Арман Байеке. Еңбек дауының нақты себептері қандай?

Жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы еңбекақыға қатысты дау-дамайлар әсілі барлық елдерге тән нәрсе. Нарықтық экономиканы құрып, құқықтық мемлекетті қалыптастырған Қазақстанда да бұндай түйткілдердің ара-тұра қайталанып жататыны бар. Қарапайым логикаға салсақ, қандай да бір мәселе төңірегінде қайшылықтың туындауы, содан барып азаматтардың конституциялық құқықтарын талап етуі ол елде жариялылықтың барын, демократияның салтанат құрғанын білдірсе керек. Қазақстанның батысында айдан астам уақыт жалғасып жатқан мұнайшылардың ереуілі «ә-дегенде» бізді осындай ойға жетеледі. Себебі, егер елімізде сөз бостандығы болмаса, ой еркіндігіне, құқығыңды қорғауға қайбір елдердегідей «көзге көрінбейтін» шектеу қойылса «ереуілдің дүрмектері» ел ішін кезбес еді, БАҚ-тарда кеңінен жазылмас еді, «жабулы қазан жабулы күйінде» қалар еді. Бірақ біздің айтпағымыз бұл емес, мақсатымыз - әр тараптың уәждеріне тереңірек үңіліп, ортақ бір байлам жасау.

Жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы еңбекақыға қатысты дау-дамайлар әсілі барлық елдерге тән нәрсе. Нарықтық экономиканы құрып, құқықтық мемлекетті қалыптастырған Қазақстанда да бұндай түйткілдердің ара-тұра қайталанып жататыны бар. Қарапайым логикаға салсақ, қандай да бір мәселе төңірегінде қайшылықтың туындауы, содан барып азаматтардың конституциялық құқықтарын талап етуі ол елде жариялылықтың барын, демократияның салтанат құрғанын білдірсе керек. Қазақстанның батысында айдан астам уақыт жалғасып жатқан мұнайшылардың ереуілі «ә-дегенде» бізді осындай ойға жетеледі. Себебі, егер елімізде сөз бостандығы болмаса, ой еркіндігіне, құқығыңды қорғауға қайбір елдердегідей «көзге көрінбейтін» шектеу қойылса «ереуілдің дүрмектері» ел ішін кезбес еді, БАҚ-тарда кеңінен жазылмас еді, «жабулы қазан жабулы күйінде» қалар еді. Бірақ біздің айтпағымыз бұл емес, мақсатымыз - әр тараптың уәждеріне тереңірек үңіліп, ортақ бір байлам жасау.

Бір қарағанда жұмыстарының ауырлығын айтып, жалақыларын көтеруді, дұрысы қазақстандық мамандардың жалақысын шетелдік жұмысшылардың еңбекақысымен теңестіруді талап етіп жұмысқа шықпай жатқан жұмысшылардың уәжі дұрыс секілді. Мәселеге екінші қырынан келсек, «жұмысшылар қарақан басының қамын ойлаған кейбір адамдардың айтағына еріп, жік-жікке бөлініп жатыр, бұл сайып келгенде олардың өздеріне де тиімсіз, компаниялардың жұмысына да орасан зор шығын келтіруде» деген пікірді алдыға тартып жатқан жұмыс берушілердің де пайымдары шындыққа саятындай. Үшіншіден, жергілікті атқарушы биліктің Қазақстан заңдарына сүйене отырып, «ереуілшілердің іс-әрекеті ешқандай құқықтық алаңға сыймайды, іс-қимылдары заңсыз» деген мазмұндағы байламдары да дұрыс.

Сонымен «не айтпақ болды, кімнің уәжі дұрыс, кімдікі бұрыс» екен дейсіз ғой. Маңғыстау облысындағы Бозащы түбегіндегі «Қаражанбас» кеніші, Жаңаөзендегі «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалына қарасты УОС-1 және УОС-5 мекемесі, сондай-ақ Құрық кентіндегі «Ersai Caspian Contractor LLC» компаниясы жұмысшыларының айдан астам жалғасып жатқан наразылық акцияларына мұқият үңілетін болсақ,  мүдделер қақтығысын байқаймыз. Бірден айтайық, бұл жерде қандай да бір тарапты қаралаудан немесе екінші бір тарапты жақтаудан аулақпыз. Біз БАҚ-тарда шыққан нақты фактілерге сүйене отырып, тұжырым жасамақпыз.

Медальдің екі жағы болатынындай, мәселені зерттеу барысында бұл текетірестің тараптардың өзара түсініспеушілігінен туындағанын байқадық. Жалпы, мәселенің мән-жайына көз жіберсек, мұнайшылардың ереуілін бірінші болып «Қаражанбас» кенішінде еңбек ететін жұмысшылар бастаған. Сосын оларды «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалына қарасты УОС-1, УОС-5 мекемесінің, одан кейін «Ersai Caspian Contractor LLC» компаниясының жұмысшылары қостаған. Бірақ бұл жерде аталмыш компаниялар жұмысшылары тайлы-тұяғымен «ереуілдеп жатыр» деген ой тумауы тиіс. Сайып келгенде, жұмысшылардың талап етіп отырғаны бір ғана нәрсе: жалақыларын еселеп көтеру.

 

Алдымен жұмыс берушілердің уәжіне үңілсек. Мәселен, «Қаражанбасмұнай» АҚ баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде «Қаражанбас жұмысшылары кәсіподағы» қоғамдық ұйымының ішінде іріткі пайда болып, екіге бөлінгені жайлы айтылған. БАҚ беттерін ақтарып көріп едік, бұл мәлімдеменің шындықпен қиысатын тәрізді. Ойға түйгеніміз мынау: «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамының кәсіподағы төңірегіндегі тартыс басталғалы біраз уақыт болған. 12 мамырда еңбек ұжымының жалпы жиналысы өтіп, барлығы бірауыздан кәсіподақ ұйымы жетекшілігіне аты-жөні Ербосын Қосарханов есімді азаматты сайлаған. Алайда арада көп уақыт өтпей жатып сол жұмысшылардың өздері Қосархановтың қызметіне көңілі толмайтындарын айтып, оны қызметінен алып тастауға әрекеттеніп жатқан көрінеді. Қарсы топтың қаһарманы  кәсіподақ комитетінің заңгері ННаталья Соколова есімді азаматша. Негізгі әңгіме - 1,7 және 1,8 коэффициенттерін енгізу, яғни зиянды жұмыс жағдайы үшін қосымша төлем төлеу төңірегінде ушыққан. Компания болса бұл 1,8 коэффициенті мен зиянды жұмыс үшін қосымша төлем төлеу талаптарын заңсыз деп санайды. Ал аймақтық 1,7 коэффициенті 1997 жылғы жұмыс берушінің бұйрығы негізінде жалақыға қосылған екен. Баспасөзге арналған ақпаратта Н. Соколова мен оның жақтастарының даулы 1,8 коэффициент пен тиісті әлеуметтік төлемдерді төлете алмағаны үшін кәсіподақ комитетінің төрағасы Ербосын Қосархановты қызметінен алуды талап ететіні айтылған.

2010 жылдың қарашасы мен 2011 жылдың ақпаны аралығында жасалған өзара келісім шеңберінде жұмысшылар талабының орындалуына кәсіподақ жалдаған заңгер ретінде Н. Соколованың жәрдем көрсете алмағанына көзі жеткен екінші бір топ Е.Қосархановты жақтап отыр. Бұл топтың өкілдері Н.Соколова ұжым алдында берген уәдесін орындамады деп есептейді. Ал компания басшылығы болса мұндай жолдармен келіссөз жүргізу мүмкін еместігін көлденең тартуда. Міне, бір ұжымдағы осындай мүдделер қайшылығы батыстағы мұшайшылар ереуілінің өршуіне алып келген. Ал жергілікті билік болса Соколованы  айыптып, оны жақтаған мұнайшылар Қазақстан заңнамасын өрескел бұзып, заңсыз митинглер ұйымдастырды деп отыр.

ҚР Констуциясының 32-бабында ел азаматтарының бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы екендігі тайға таңба басқандай етіп жазылған. Алайда бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа да адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін екендігі де ескертілген. «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» ҚР Заңымен, осындай акцияларға рұқсат алудың рәсімдері көзделген, ал оны сақтамағаны және бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген. Қалай айтсақ та заңның аты заң. Ата заңымызды және еліміздің басқа да заңдарын негізге ала отырып 17 мамырда Түпқараған аудандық сотының анықтамасы бойынша «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмыскерлерінің ереуілі заңсыз деп танылған. Бұған қоса «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамының кәсіподақ заңгері Наталья Соколованы екі айға қамау туралы шешім шығарылған. Соколоваға Қылмыстық кодекстің 164-бабына сәйкес «әлеуметтік жанжал тудырды» деген айып тағылып отыр.

 

Әрине, ашуға булыққан Соколованың да жақтастары бұндай сәтте қарап қалмағаны анық.  Олардың бірқатары аштық жариялап, мұң-зарларын тыңдамағандарға наразылықтарын білдіріп жатыр. Өкінішке қарай, кейбіреулері бұдан да күрделі қадамдарға барып, денелеріне жарақат салған. Жалпы, ақылға салып, таразыласақ қандай да бір проблеманы немесе қоғамдағы процестерге көңіл толмаушылықты   өз-өзіне қиянат жасау арқылы, яки қарнын тіліп, денесіне жарақат салу жолымен шешуге талпыну дұрыс іс емес. Кейбір мұнайшылардың бұндай қылықтарын шарасыздықтан туған әрекет деп емес, бір сәт ашуға бой алдыртып, эмоцияға беріліп ойланбай істелген қарекет деп бағалаған жөн сияқты. Бірақ мен бұл жерде осындай қадамға барған азаматтарды айыптайын немесе сөгейін деп тұрған жоқпын. Олардың да қолдарымен істегендерін ақтайтын жауаптары барыны күмәнім жоқ. Дейтұрғанмен де, зайырлы мемлекетте, құқықтық елде «тарқатылуы қиын түйткілдердің» өзін құқықтық алаңда шешудің барлық жолдары, амалдары қарастырылған. Сондықтан да бәрін заң аясында шешуге ұмтылу қажет. Мұнайшылардың бұндай іс-әрекеттері жалпы қоғамды, оның ішінде халық қалаулыларын да бей-жай қалдырып отырған жоқ. «Құқықтық мемлекетте әрбір азаматтың заңды құрметтеуіне немесе заң алдында жауап беруіне барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Бірақ осылайша «ал, ереуіл жасайық» деп, митинг ұйымдастыруға бола ма?! Бізде митинг, ереуіл, аштық тым сәнге айналып кетті. Бұлай жасауға болмайды», - дейді Мәжіліс депутаты Владимир Нехорошев. Жұмысшылардың талабы «негізсіз, әрі заңға сәйкес емес» екенін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова да  мәлімдеді. «Қаражамбас, Жаңаөзен, Ерсай нысандарына біздің өкілдеріміз, атап айтқанда еңбек вице-министрі бірнеше рет барып қайтты. Біз барлық тараптардың - кәсіподақ, жұмыс берушілер мен талап қойып отырған жұмысшылардың өкілдерінің қатысуымен талаптарды нақты қарап жатырмыз. Қаражамбасмұнайда заңнама бұзылып отырған жоқ. Біз олардың қойып отырған талаптарының негізі жоқ екенін және заңға сай келмейтінін дәлелдедік», - деп атап көрсеткен болатын журналистерге берген сұхбатында  министр.

Шыны керек, бұндай жағдайда кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін байыптау аса қиын іс. Тек айтарымыз, тараптардың әлі күнге дейін өзара мәмілеге келе алмай даурығып-дауласып жатқаны, өкінішті. Таяқтың екі ұшы бар, олай болса бұл текетірес сайып келгенде компаниялардың қызметіне де, жұмысшылардың материалдық жағдайларына да кері әсер ететіні сөзсіз. Бұл түсініспеушілікте жұмысшылар айтып жатқандай компания басшылары кінәлі ме, жоқ компания өкілдері сендіріп жатқанындай ереуілге негіз болған еңбек жағдайы емес, кәсіподақ ішіндегі жікке бөлінудің салдарынан туындаған ұжым ішілік алауыздық кінәлі ме, ол жағын дөп басып айту қиын әзірге. Бірақ соғыс кезінде де қарсыластардың кейде өзара бітімге келіп, ымыраласып жататыны бар. Құдайға шүкір, бұл соғыс жағдайы емес. Олай болса, батыстағы компаниялар мен мұнайшылардың «принципті текетіресінің» тігісі жатқызылатын, өзара ымыраға келетін, ортақ тіл табысатын күннің алыс еместігіне сенгіміз келеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417