Маусым айында тұрғын үй нарығындағы бағаның өсуі байқалды
АСТАНА. 8 шілде. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2011 жылғы маусым айында еліміздің тұрғын үй нарығындағы бағаның өсуі байқалды.
Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Атап айтқанда, ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2011 жылғы маусымда өткен аймен салыстырғанда, көркейтілген тұрғын үйлерді алып -сату бағасы 0,4 пайызға, жаңа тұрғын үйлерді сату және одан төменірек санаттағы тұрғын үйлерді алып -сату - 0,3 пайыз, сондай-ақ көркейтілген тұрғын үйлерді жалға беру - 0,1 пайызға жоғарылаған.
Атап айтқанда, жаңа тұрғын үйлерді сату 1 шаршы метрінің бағасы 148 мың 923 теңгені құраған. Ал көркейтілген тұрғын үйлер бағасы 109 мың 937 теңгеге жетті. Сонымен қатар, төменірек санаттағы тұрғын үйлерді сату шаршы метріне 65 мың 200 теңгені құраса, осындай санаттағы үйлерді жалға беру бағасы шаршы метріне 862 теңгені құраған.