Билік оппозицияның, оппозиция биліктің дұрыс қадамдарын қолдай білуі ләзім!
Мемлекет пен билікті шатастырмауымыз қажет. Мемлекет бұл қасиетті де, киелі ұғым. Ал билік ондай емес. Билік халық атынан қызмет ететін қатесі мен дұрыс ісі қатар жүретін уақытша адамдардан құралған өкілеттілер.
Осы тұрғыдан алғанда, билік оппозицияның, кез-келген қоғам мүшесінің орынды сыны мен дұрыс пікірін тыңдай білуді, қатесін мойындап, содан оң нәтиже шығаруды үйренуі керек. Сын айтқанның бәрін бүлікші, мемлекетке дұшпан санауды қою керек.
Ал оппозиция оң-солды, орынды-орынсыз сынай бермей, қажет кезде мемлекет мүддесіне қызмет ететін биліктің дұрыс қадамдарын қолдай білуі ләзім. Міне бұл нағыз мемлекетшіл мінез, әділетті ұстаным болмақ!
Қайрат Жолдыбайұлының facebook парақшасынан
Abai.kz