Биолог-ғалымдар мен студенттер Баянауыл ұлттық табиғи саябағында бірлескен экспедиция жасады
ПАВЛОДАР. 11 шілде. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының биолог-студенттері Баянауыл ұлттық табиғи саябағындағы тәжірибелерін аяқтады,деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен.
Студенттермен бірге ғылыми экспедицияда Кембридж университетінің докторы Филипп Жил де Мендонса, Халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілдері, Шығыс-Сібір білім академиясының (Иркутск) оқытушылары мен студенттері болды.
Экспедиция мүшелері Баянауылда жануарлар мен құстарды бақылап, ландшафт пен өсімдіктерді зерттеді - ресейлік студенттер салыстырмалы талдау жүргізді. Ағылшын ғалымы экто және энодопаразиттерді зерттеу үшін ұсақ сүтқоректілерге зерттеу жүргізді.
«Бірлескен жұмыс тараптарды жаңа білім қорымен байыта түсті», - дейді биология ғылымдарының кандидаты Наталья Шевелева (Иркутск).