Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2231 0 пікір 11 Шілде, 2011 сағат 05:37

Қазақстандық боксшылар Джакартада өткен халықаралық турнирде екі медаль олжалады

АСТАНА. 11 шілде.  ҚазАқпарат  -  Қазақстандық боксшылар  Джакартада өткен   халықаралық   турнирде    екі медаль  олжалады, деп  хабарлады Қазақстан  Бокс федерациясының    баспасөз қызметінен.

Индонезияда  бокстан   ел Президентінің  кубогы  үшін   өткен   халықаралық турнирге    үш қазақстандық спортшы   -  бокстан облыстық құрама командалардың  өкілдері қатысты.  Олар - Қанат Тұрғанбаев (52 келі), Елдос Сайдалин (60 келі), Думан Сүлейменов (64 келі). Қазақстандықтар   алыс Джакартадан  екі медаль    қанжығалап қайтты.  Қанат Тұрғанбаев  - күміс,   Елдос Сайдалин  қола  медаль  жеңіп алды. Турнирге   әлемнің 28 елінен    спортшылар  қатысты.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5490