Үкімет «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын іске асыруға қажетті қаулыларды мақұлдады
АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Үкіметтің бүгінгі отырысында министрлер кабинеті «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын іске асыруға қажетті қаулыларды бірауыздан мақұлдады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова атап көрсеткендей, 2015 жылға дейін «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарлмасымен 1,5 млн. адамды қамту жоспарланып отыр. Осы бағдарлама аясында еліміздегі кедейшілік деңгейін 6 пайызға, ал жұмыссыздық деңгейін 5,5 пайыздан асырмау міндеті қойылып отыр.
«Биыл жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын пилоттық режимде іске асыруға республика бюджетінен 40 млрд. теңге бөлініп, мемлекеттік қолдау шараларымен 100 мыңнан астам адамды қамту көзделген»,-деді Г. Әбдіқалықова.