Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 7785 2 пікір 29 Шілде, 2019 сағат 11:25

Қырғыз халқы кімнің дос, кімнің дұшпан екенін біліп қалды

Біз бар ғой, атам заманнан шекара мәселесін шет қалдырмайтын ел екенбіз. Осындай елдігімізге бір кеуде көтеріп қойсақ болады-ау деймін.

Кешегі Қасым хан, Тәуекел, Есім хандардан басталған шекара мен ел бүтіндігі жолындағы күрестеріміз алашордашылардың тұсында жалғасып, Тәуелсіздігіміздің алғашқы он жылдығында толық шешімін тапқан сияқты. Әрине, мен де ала бағандардың ар жағында қалған ата-бабамның жеріне ішім удай ашиды, империялық рух пен санамыз жаңғырып атқа мінген күндері ол жерлерді қайтарып та алармыз. Әзірге барға тәуба!

Бұны айтып отырған себебім: 30 жылдың шегінде мына қырғыз ағайындар тәжікпен арасындағы жердің мемлекеттік мәртебесін нақтылап алуға көңіл бөлмей келіп еді, өткенде соның сұмдығын көре жаздады. Қырғыз бен тәжік бір біріне оқ атты. Ал бұл екі елдің бүлінуі алдымен Ресейге, сосын өзге де сыртқы күштерге керек.

Қырғыз-тәжік қақтығысынан кейін Атамбаев арсалаңдап Мәскеу барып келді. Путин досы арнайы ат...кешіріңіздер, ұшақ жіберіп алдырыпты-мыс. Бұл тегі тегін шақырту емес. Өйткені қырғыз халқы кімнің дос, кімнің дұшпан екенін осы күні біліп қалды. Саяси күштердің арасында анти-ресейшіл тұлғалар көріне бастады. Осыны іші сезген Путин "Манас - ресейлік" деп кезінде жанқалтасынан "жаңалық" суырған Атамбаевтың қолтығына дым бүркіп, "билікті қайтадан қолыңа ал" деп жіберуі мүмкін. Ал Атамбаевтың қазақ билігімен алакөз екенін білесіз... Алайда қырғыз бен тәжік мембасшылары кешелі бері Шолпан-Атада келіссөз жасап, шекара мәселесін шешіп алуға кірісті. Сәтімен болсын істері. Ал, Шолпан-Атада қазақтың әндері шырқалып тұр. Жаңа ғана көшені бір көлік "Шудың бойынды" деп шулатып өтті...

Дәурен Қуаттың Фейсбуктегі жазбасы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5334