«Астана – Нұрсұлтанкент»-республикалық басылымдарға шолу
АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі 13 шілде, сәрсенбі күні республикалық басылымдарда шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
***
Бүгін «Егемен Қазақстан» газеті Жезқазған өңірі өндірісінің келешегіне қатысты қала басшысы Серік Әбдіғалиұлымен және «Жезқазғантүстімет» ӨБ бас директоры Талғат Ахановпен болған сұхбатты «Жезқазғаннан ескен жылы леп» деген тақырыппен жариялады. Сұхбатта еліміз бойынша мыс сымының - 99, шақпақ мыстың - 95, түйіршік күмістің - 80, түйіршік алтынның - 32, мыс кені өндірісінің - 88 пайыз үлесін шығаратын аймақтың алдағы 10 жылға арналған даму стратегиясы жайында сөз өрбиді. «Жасыратыны жоқ, жер қойнауы байлығы жылдан-жылға селдіреп барады. Бұл бәрімізді қатты ойландырып отырған жағдай. Осыған байланысты қиындыққа тап болмаудың қамы күні бұрын қолға алынуда. Облыс әкімі Серік Ахметовтің тапсырмасымен аймақты дамытудың 10 жылға арналған кешенді жобасы жасалынып, жақында Үкімет отырысында қаралды. Онда көтерілген мәселелер бойынша Экономикалық даму және сауда министрі Қ. Келімбетов жетекшілік ететін жұмыс тобы құрылды. Таяу арада Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің қаламызға келіп, қатысуымен жоба тағы бір талқыға түспек», - деген сұхбат барысында С. Әбдіғалиұлы.

Сонымен қатар «Егемен Қазақстанның» бүгінгі санында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевке «Булгария» жолаушылар теплоходының апатқа ұшырауына байланысты жолдаған көңіл айту жеделхаты басылған. «Осынау қаралы күні Қазақстан халқының атынан және жеке өзімнің атымнан қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарына шынайы көңіл айтуымды және зардап шеккендердің тез сауығып кетуіне тілеулестігімізді жеткізуіңізді сұраймын», - делінген жеделхатта.
***
«Айқын» басылымының бүгінгі санында Соғыс және еңбек ардагері, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері У. Шалекенов ақсақалдың Қазақстан елордасы - Астана қаласын Нұрсұлтанкент деп атау жөніндегі ұсыныс мақаласы басылды. «Ежелден Орталық Азияны мекендеген түркітілдес халықтардың мемлекеттерінің астаналары орналасқан әдемі қалалар болған: шығыстан батысқа қарай санасақ: Қашқар, Қарақұрым, Баласағұн, Түркістан, Испиджаб (Сайрам), Ташкент, Самарқанд, Бұқара, Көне Үргеніш, Хиуа, Қоқан, Өзкент т.б. осындай астана болған қалаларды тізбектеп, жаза беруге болады. Егеменді Қазақстан Республикасы орталығының төл аты болуы тиіс», - дейді ардагер. «Ежелгі және орта ғасырдағы кейбір шаһарлар өздерінің төл атауларымен осы күнге дейін аталып келе жатыр. Қазақстан Республикасының жерінде: Жаркент, Құмкент, Саудакент, Манкент, Шымкент; Қырғызстанда Өзкент (Өзімнің қалам); Өзбекстанда Самарқанд және т.б. қалалар. Солай болса, ежелден түрік әлемінде салт болып қалған үрдіс бойынша, Астана қаласына төл атама беріліп, «Нұрсұлтанкент» деген атау берілсе, барлық жағынан ойдағыдай болар еді деген ойдамыз», - деп атап өткен ол, «тарихта белгілі астана болған тарихи үлкен қалалар өз халқының Ұлы перзенттерінің аттарымен аталған», - деп нақтылайды. Ономастикалық-ғылыми дәйектемелер сонау түркі дәуірінен келе жатқан тарихи деректермен ұштастырылған пікір жайында басылымның «Астана - Нұрсұлтанкент» деген тақырыппен берілген мақаладан біле аласыздар.
***
«Тез арада мемлекеттік деңгейде шешім қабылданбаса, Қара Ертістен айырылып қалуымыз мүмкін», - деп алаңдайды «Алаш айнасы» газеті, 13 шілде күнгі санында «Хельсинки қолдамаса, Ертіспен қош айтысамыз» деген тақырыпепн жарияланған материалында. Басылым Ертіс суының 19 пайызына иелік ететін Қытай елі өзеннің бас жағын бұруға талпыныс жасап жатқан жайы бар деген күдік пен үрейді жасырмайды. Газет аталған материалда су саласының жілігін шағып, майын ішкен мамандардың пікіріне де жүгінген.
***
«Казахстанская правда» газеті республика өңірлерінде жауын-шашын жауады, кей жерлерде найзағай ойнайды, қатты жел тұрады. Ал Батыс Қазақстан облысында жауын тыйылады, деп хабарлайды Казгидромет орталығына сілтеме жасап. «Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-22 метр/секундқа дейін күшейеді деп күтілуде, бұршақ жаууы мүмкін»,-делінген мақалада.