Сенбі, 23 Қараша 2024
4761 41 пікір 2 Тамыз, 2019 сағат 10:06

Нұрлан Нығматулин: Ұлы ақынның өсиет сөздері ешқашан ескірмейтін мол қазына

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған челенджді қолдады. Палата Спикері эстафетаны халықтың сүйіктісі, бүкіл әлемге қазақ мәдениетін танытқан, аты аңызға айналған опера әншісі Бибігүл Төлегеновадан қабылдады.

Нұрлан Нығматулин Ұлы Абай бүгінде тек қазақ халқымыз ғана емес, бүкіл әлем үшін де кемеңгер тұлғаға айналғанын айтып, Абай атамыздың өлеңдері, Абайдың «Қара сөздері» адам баласын ерінбей еңбек етуге, берекелі өмір сүруге, өнерлі, білімді және қайырымды болуға шақыратынына назар аударды.

«Осы жолда Ұлы ақынның ұрпаққа қалдырған өсиет сөздері ешқашан ескірмейтін және таусылмайтын мол қазына. Сонымен бірге, егемен еліміздің даму жолында рухани тірек болатын алтын мұрамыз. Сондықтан, қанша жылдар, қанша ғасырлар өтсе де Абай шығармалары әрқашанда маңызды» - деді Мәжіліс Төрағасы.

Н. Нығматулин бүгінде дүние жүзіне таралған Абай эстафетасы жүрегі елім деп, жерім деп соғатын әрбір азаматқа рух беретін, жігер беретін ерекше бастама деп есептеймін, - деді.

;feature=youtu.be

Палата Спикері Н. Нығматулин Абай Құнанбайұлының өлеңін оқып,   бұл маңызды шараны одан әрі жалғастыру үшін өзбекстандық әріптесі Өзбекстан Парламентінің Спикері, Өзбекстан Олий Мажлисінің Заң шығару палатасының Төрағасы - Нурдинжон Исмоиловке жолдады.

Abai.kz

41 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394