Сенбі, 23 Қараша 2024
3311 2 пікір 6 Тамыз, 2019 сағат 11:03

Ресейдің Красноярск өңірінде әскери қойма жарылып, тұрғындары көшіріліп жатыр

Красноярск өңірінің Ачинск ауданында сейсенбіге қараған түні адамдарды көшіре бастады. Қауіпті аумақта шамамен 6 мың адам тұрады. Бұл туралы өңір губернаторы Александр Усс мәлімдеді.

Аймақ басшысының хабарлауынша, қоймадағы жарылыстан 8 адам зардап шеккен, кейбір мәліметтерде бес адамның зардап шеккені айтылады. Оларды Ачинск аудандық ауруханасына жеткізді.

Губернатордың айтуынша, ауданға Қорғаныс минстрлігінің арнайы мамандары келе жатыр. Усс Ачинск қаласы да "әжептәуір зардап шеккенін" мәлімдеді.

ТАСС мәліметі бойынша, қоймадағы екі алаң өртеніп жатыр, олардың әрқайсысында шамамен 40 мың артиллерия снаряды бар.

Қойма Ачинск қаласынан 10 шақырым жердегі Каменка ауылында орналасқан. "Интерфакс" агенттігінің дереккөзге сүйеніп хабарлауынша, Каменка ғана емес, әскери бөлімнен 20 шақырым радиустағы басқа да елді мекендердің тұрғындары көшіріледі. Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі шамамен мың адам үйлерін өз еркімен тастап кеткенін хабарлады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5397