Дін және ұлттық дәстүрлер комиетінің баспасөз хатшысы Афшин Мукимнің хабарлауынша, Құрбан айт мерекесі кезінде комитет қызметкерлері елдің бірқатар ауданында рейд жүргізіп, халық жайған дастарханды тексереді. Кең дастарханға салынған тыйымды бұзғандарға 5 мың сомони (500 доллардан асады) айыппұл салынуы мүмкін.
Комитет өкілдері мереке күндері шағын дастархан жаюға кеңес берді. Онда экзотикикалық жемістер емес, жергілікті дәмдер, үйде пісірілген тағамдар қойылуы керек.
Екі жыл бұрын Тәжікстан парламенті "Дәстүрлер, мерекелер және ғұрыптар тәртібі туралы" заңға өзгерістер енгізді. Онда Рамазан және Құрбан айт мерекелері кезінде аста-төк дастархан жаюға тыйым салынған.
Abai.kz