Жұма, 22 Қараша 2024
Экономика 8644 3 пікір 12 Тамыз, 2019 сағат 10:59

Ет экспортынан қазақтың даңғазалығын ғана көріп отырмыз

Үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша мал шаруашылығы саласындағы көрсеткіш өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда бірден 10,5%-ға артты. Басқа салалардың 50 пайызы өсімін мына көрсеткіштің тым құрығанда жартысына жеткізсе Қазақстан экономикасы  қарыштар еді, ал үкімет ұжымдық еңбек ері атанар еді! Негізі, жаңа ауылшаруашылығы министрі Сапархан ОМАРОВТЫҢ үкімет отырысындағы есебіне қарасақ, жағдай біршама сенім ұялатады. Сиыр етін өндіру бойынша 2018 жылдың қорытындысына сәйкес ішкі тұтыну 98%-ға жетті, ал экспортқа 19,9 мың тонна шығарамыз. Қой етін экспорттау 3 мың тоннаны құрайды. Доңыз етінің экспорты да қанағаттанарлық – 400 тоннаны құрап отыр.

Бастысы адамды қанаттандыратын болашаққа жоспар емес пе.

Ет өндірудегі малшаруашылығы дамуының ұзақмерзімді бағдарламасы 10 жылда ет комбинаты мен жем-шөп алаңы бар кооперацияларда жұмыс істейтін 80 мың отбасылық шаруашылық құруды жоспарлап отыр.

Сүт өндірудегі малшаруашылығының ұзақмерзімді бағдарламасы сүт өндіруді млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлағанҚұс шаруашылығын дамыту бағарламасы өнімнің өсуін үш еседен артық қылуды қарастырып жатырДоңыз шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша өнім екі есеге дейін өседі деп жоспарланудаМіне, бұл министрдің есебінен көрсетілген деректер.

Әлеуметтік желілерде қазіргі ауылшаруашылығы министрібасқаша айтқанда “жайәншейін ресми ғана” отыр, ұзақ мерзімді жоспарлар оған дейін бекітіліп қойған,көптеген мемлекеттік қаражат есебі жоспар бойыншаендігі министрдің жұмысы ақша ағымын өз жөнімен таратуға кедергі келтірмеу деп айтып жатырТіпті олай болса да, егер ақша нақты іске жұмсалып жатса онда расымен де кедергі келтірмеген жөн.

Ақша қомақтыМысалы биылғы жылы республикалық және жергілікті бюджеттен 429 млрд теңге қарастырылып отырБіздегі ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі 4,5 трлнтеңгеяғни біздің дүкен сөрелеріндегі өнеркәсіптік тауарлар бағасының әр бір оныншы теңгесі мемлекеттік (біздіңяғни салықтөлеушілердің есебінен) дотация.

Оптимистік бағытымыздан айнымайық. Стратегиялық тұрғыда ет өндірісіне көбірек көңіл бөлу және экспортқа шығаруды көздеу өте дұрыс қадам. Түсіндіретін болсақ,қазір әлемдік нарықта кез келген тауарды кез келген көлемде шығаруға еш кедергі жоқ, тауарды өткізумен проблема барСондықтан барлық дамыған елдер өз өндірушілерін барынша қорғайдыал өзінікі еместерден табиғатынан жоқ дүниені ғана кіргізедіМысалыҚазақстанның мұнайықара және түсті металлдар және шикі уран.Сондай-ақ өңделмеген астық. Мысалғадәл осылай өзбек ағайындар бізден ұн емес, бидай сатып аладысебебі ұн тартатын күшті құрылғылар олардың өздерінде де бер.

Шындығына келсек, жоспардың ауқымдылығына қарамастан металлургия мен машинажасау саласында шикізат емес экспортты жолға салу мүмкіндігіміз ауылшаруашылығы өнімі бойынша ғана барТехнологиялық өңдеуде мал өсіру өсімдік өсіруден кейінгі екінші орындаЕт ғана емес, ет өнімдерін экспорттауды жлға қойсақ тіпті тамаша болар еді.

Ал енді статистикаға назар аударсақ, биылғы жылдың қаңтары мен мамыры аралығында шетелге жіберілген ет 7,6 мың тонна, ал елге кіргізілгені 65,3 мың тонна,яғни тоғыз есе көпБалғын сиыр етініңі балансы шамамен мынандай – 1,5 мың тоннашығарып, 1,2 мың тонна кіргізілгенал мұздатылған (жердің бір түкпірінен келіп жатқанет өнімдері 4,9 мың тонна, ал шетелге кетіп жатқаны бар-жоғы 0,2 мың тонна екенЖылқы етімізді өзіміз ғана жейді екенбіз (қазақпыз ғой!), алайда шетелден келіп жатқан жылқы еті 832 тонна (мұнымыз қалай, қазақтар?).

Экспорт пен импортта статистикалық айырмашылық құс етінде тіпті алшақтықбайқалады: экспортқа шыққан құс еті 4,7 мың тонна болса, импорт 57,7 мың тоннаны құрайды.

Ал енді ақшаға шаққанда қанша болады екеніне келер болсақ, ет экспорты Қазақстанға 20,6 млн доллар қаражат әкелсе, импорт қалтамыздан 66,9 млн. долларды қағып кеткен.

Еттен жасалған өнімдер туралы айтар болсақ, – шұжық, сосискаларқақталған ет, консервіленген етті шет мемлекеттерге 1,6 мың тонна сатып, 17,4 мың тонна сатып алдықБұдан дастарханымыздағы негізгі ет өнімдері өзіміздікі емес екенін көреміз.Сәйкесінше 2,7 млн доллар кіріс, 36,2 млн доллар шығын – бұл біреуден алған азық-түлікке төлеген қаражатымыз.

Министрге сұрақегер мыңдаған тонна мұздатылған сиыр еті импортталатын болсақайдағы 98% қамтамасыз етуБұл қазақстандықтардың дастарханына емес, әшейін консервілерге деген түсініктемені қалай ұғынамызҚазақстанның шұжығы аргентинаның етінен жақсы дайындала ма?

Біртүрлі екенелде қайта өңдеуге ет тапшымұндай ет өңдеуге үзілді-кесілді ет жетпейдісондықтан импорт еттер әкелуге тура келедіЕсесіне мынандай дисбаланстізбегі бұрыннан бар және ет экспортында қарқынды дамуға неше мәрте уәде берді.

Еске салайынқарқынды даму бағдарламасы сонау 2011 жылы қабылданған. 2016 жылға дейін экспортты 60 мың тоннаға жеткіземіз, 2020 жылға қарай 180 мың танна болады делінгенТиісті ақша да бөліндібұзауларды ұшақпен тасымалдағандарын барлық ел көрдіНәтиже: 2016 жылы экспорт 12 мың тоннадан азяғни бес есе азал2019 жылы 180 мың тоннаның орнына бес айда сыйыр етін экспорттау 1,7 мыңтоннаны құрап отырАуылшаруашылығы министрлігінің сөзінше 20 –ма, әлде тіпті 25мың тонна ма… СенейікБірақ мұндай “рекорд” жай ғана уәде етілген емес, қомақты қаржыландырылған жоспардан жеті есе аз.

Мұндай ауқымды алшақтық кері әсерін тигізбеді меЖоқ, әрине, бізде ондай болмайдыӨткен жылы мал шаруашылығын дамытудың жаңа салалық бағдарламасы шықтыонда екі жаңалық бар; Біріншіденалдыңғы нәтиже сәтсіздік емес, “мал шаруашылығын дамытудың негізін қалыптастыру”. Екіншіденешқандай қарқынды сандар енді жоқКемімейтін мемлекеттік қаржыландырудың есебінен бұйыртқаны болады.

Тағы бір жаңа идеологиялық мазмұнқабылданған модель көшпенділер дәстүріне негізделген – дәл осылай жазылғанБарлық мемлекеттік субсидияны алғанда мұнша көшпенді табылар ма екен – бұл бір дау туғызатын сұрақДаусыз басқа нәрсе бар:мемлекеттік қолдау нақты істерге жұмсалуы керекқұрғақ уәде мен өзгелердің емес өндірушілер мен тұтынушылардың мүддесіне жұмыс істеу керек.

Ет экспортынан әзірге қазақтың танымал даңғазалығын ғана көріп отырмыз. Өзіміз қарызға аламызесесіне көршілер таңдай қақсынОның үстіне қызыққан адамдарға даңғазалық тиімдісебебі мемлекет субсидия бөлген экспорт мысалға қытай сатып алушысына арзандатып бередісондай-ақ жеткізушінің қалтасын да қампитады.

Енді еттен басқа да мәселелерге көшейікҚазір ауыл шаруашылығы министрлігіҚазақстанда жиналғанды да, шетелдің де ауылшаруашылық техникасын бірдейсубсидиялайдыОның ішінде мемлекеттік қолдаудың көп бөлігі шетелге кетіп жатыр.Оның ішіндегі ең элиталысы ет Одағы – Агроөндірістік комплекстің ақсаусақтары деуге болады, оларды мұндай тәртіп ашықтан ашық қорғайдыОл утильизациялық жинақтауды енгізуге байланысты оппозицияны басқарады ғойбұл тағы да ұлттық машина жасауға ашық қарсылықЖәне осының бәрі мемлекетің қолдауыменМіне осылай бізге етін жеп, сүйегін беріп отыр.

Пётр СВОИК

"Время" газеті

Мақала орыс тілінен аударылды

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5244