Сенбі, 23 Қараша 2024
Талқы 5883 49 пікір 12 Тамыз, 2019 сағат 13:29

Әлем ғалымдары шеше алмаған жұмбақ...

Колумбия жерінен табылған Адам сенгісіз артефакты

Колумбияның археология комитеті бұл дискіні әлемдік маңызы бар құнды дүние деп танудан бас тартқан. Ол елдің ғалымдары бұл жәдігердің не айтып тұрғанына ешқандай түсінік бере алмаған».

(Лидиттен жасалған артефакты» https://www.youtube.com/watch?v=QDGG-hKIBng). 11 июн. 2015 г. - Так называемый генетический диск – один из самых невероятных артефактов, найденных на территории Колумбии. Диск диаметром ...

Сол генетикалық дискімен бірге жаңа туған нәрестенің кіндігін кесетін оташының пышағы табылған. Бұл пышақтың сабының жоғарғы жағында ананың, төменгі жағында нәрестенің және пышақтың жүзінде осы пышақты жасаған автордың аты, яғни рулық таңбасы бейнеленген. («Загадки археологии: генетический диск - Мастерок.жж.рф» https://masterok.livejournal.com/2390126.html).

Бұл жәдігерге бүкіл әлем елдерінің бірде-бір ғалымы тұшымды түсінік бере алмаған. Бірақ, мына жағдайды кесіп айтады. «Қазіргі ғылым мен технологияның жетістігі мұндай дүниені жасауға мүмкіндік бермейді.  Артефактының осыдан 6000 жылдан әріде жасалғаны анық», - дейді.

Бұл артефактінің «авторы» Адам ата мен Хауа ананың қарашаңырағы қазақ болып табылады. Ал, бұл деректердің Адай шежіресінде сақталып қалуы Қазақтыңтың да  қарашаңырағы «Тіл таңбалы Адайлар» екенін көрсетеді. Біз оны Маңғыстау мен Үстірттегі мыңдаған ежелгі қорымдар басына қаптата салынған Адайдың әлемге әйгілі «Жебе» таңбасынан айқын көреміз. Жоғарыдағы артефактіде де осы таңбаны көріп отырмыз.

Адамзаттың аналық (матриархат) текпен емес, аталық (патриархат) текпен тарайтынының белгісі ретінде Адам атаның қолына САДАҚ пен ЖЕБЕ ұстатылған. Садақ пен Жебе күні бүгінде де Адайдың рулық таңбасы. Адайдың - Адам атаның қарашаңырағының иесі делінетінінің сыры осы. Адайлардың Жебе (стрела) таңбасының адамдарға бағыт (жол) көрсетіп әлемнің кез-келген түпкірінде тұратынының да сыры осы.

Маңғыстаудың ойы мен қырында, тауы мен тасында және ежелгі қорымдарындағы мыңдаған, миллиондаған құлпытастарында осы таңба тұр. Тіпті Қырдың үстінде тек қана ұшақтан көруге болатын ұзындығы жүз километрге жететін алып "ЖЕБЕ" таңбаларда бар.  (Қара: Садақтың «авторы» кім? - https://abai.kz/post/60136).

Адам (Атам) менен Адайдың (Атайдың) Ада (Ата) деген бір түбірден, яғни бір Атадан болып, Адайды - Адам атаның қарашаңырағы делінетіні осыдан. Олардың ең бірінші тілі шығып сөйлегеніне байланысты «Тіл таңбалы Адайлар» деп аталатыны да осыдан. Маңғыстау түбегі сұғына орналасқан теңіздің Қас би (Каспий) деп аталатыны да осыдан.

Адаға (Атаға) жалғанған «М» дыбысы тәуелділік жалғау, яғни басын Менің атам (Атам менің) яғни бәрі менікі деген мағына береді. Қазақта «М» дыбыс-таңбасы жалғанбайтын бірде бір сөз жоқ. Анам, ағам, көкем, інім, бауырым, қарындасым, елім, жұртым, далам, қалам, басым, аузым, құлағым, мұрным, көзім, елім, жұртым т.т. болып кете береді.

Ал «И», «Й» дыбыстық таңбасы сөз соңына жалғанса, Адай - Адам атаның ұрпағы (ұлы, баласы, қызы), яғни  атамыздың қарашаңырағының иесі деген мағына береді. Мысалы, Жары Адай, Жажир Адай, Қожа Ахмет Йассауи, қажы Құсайын Ширази (Иассауи кесенесін салушы шебер), Ахмет Жугінеки (әдебиет тарихында «Шындық сыйы» дастанымен мәлім),  Әбу Нәсір Әл (Ал) Фараби, Хаким Тарази, Махмуд Қашқари, Әл Бухари, Әбу Райхан Әл Бируни, Хакім ата Сүлеймен Бақырғани, Әлішер Науайи, Фирдауси (Шахнама), Әбдірахман Жәми (парсы-тәжік әдебиетінің классигі), Мұхаммед Шайбани (Жошы ханның ұрпағы), Сайфи Сарайи, Хайдар Рази, Қадырғали Жалайри, Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қашқар ханы Әбубәкір Дулати, Муин Ад Дин Натанзи т.т. болып кете береді.

Бұл қағида да қазақта күні бүгінде  қолданыста бар. Мысалы, Мұстафа Шоқай, Әнес Сарай, Халип Алтай, Ислам Жеменей, Сабыр Адай, Ордалы Қосай, Ақылбек Жеменей, Тұңғышбай Ал Тарази, Қайрат Мами... Ада-м деген сөзіміздегі «м» әрібінің тәуелділік мағына беретіні сияқты Ада-й деген сөзіміздегі «й», «и» әріптері де тәуелділік мағына береді. Мысалы, Адами, қазақи, табиғи, діни, ислами, рухани, ғылыми, заманауи, кәсіби, тарихи, мәдени, саяси  т. т. болып жалғасып кете береді. Бұл қағиданы да бүкіл әлем елдері қолданады. Бастауы Ман атамыздың ұрпақтарының, яғни олардың қарашаңырағының иелерінің мәңгілік қыстауы Маңқыстауда отырған Адам ата ұрпағы Ада-й деген сөзден алынған.

Абай: «Физули, Шәмси, Сәйхали

Науаи, Сағди, Фердауси,

Қожа Хафиз – бу һәммасы

Медет бер шағири фердияд,» деген де, өздеріңіз көріп отырғандай аттары аталған алты ақынның есімдерінің соңы «и» дыбысымен аяқталады да, соңғы Қожа Хафизде атасының есімі бірінші, екінші болып өз аты айтылады.

Менің бұл келтірген тұжырымыма Қытай қазақтарының «балапан», «бала», «перзент», ауыспалы мағыналары «аяулы», «ардақты» деген сөздердің орнына Адай сөзін қолданатындары толықтай дәлел бола алады.

«Адай (ҚХР) 1.балапан, Ауыспасы, бала, перзент. 2. Аяулы, ардақты» («Диалектологиялық сөздік» Арыс баспасы. Алматы. 2007, 23 бет).

Ежелгі Хақас тілінде Адай – Қасқыр (Бөрі).

Ежелгі Түрік тілінде Адай – а. Балапан, б. Бала.

«Балапан, қазақтың ең сүйікті сөзі, бала (өз баласы) – балапан (құстың баласы). Еске сала кетейін: бен, пен, бан, пан ежелгі оғыз тілінде, есімдік мен дегенді білдіреді. Оғыз, Адай, Қыпшақ – бәрі бір адамның аты.

...Дахтар (Дайлар), массагеттер, каспилер, аландар мен адайлар бәрі Сақ конфедерациясына кіретін бір тайпаның әртүрлі атаулары» (Т.С.Досанов «Руника құпиясы». Алматы-2009).

Бұл артефактіде Аллатағала Адам атаны топырақтан жаратқалы бергі адам баласының «бір тамшы судан» бастау алып, ұрықтың ана құрсағындағы даму кезеңдері, олардың дүниеге келіп, өсіп-өніп көбейіп, бір рулы елге айналғаны және олардың әлемдік қағанат (мемлекет) құрғандары суреттелген:

Бірінші, «Ұлы сөзде ұят жоқ» дегендей, оң жақта аталық мүшесін көрсетіп отырған Адай (м) Ата. Сол жақта Ай ана. Аталық мүшенің қасқайып тұрғаны және Ай (Ауа) ананың Аналық мүшесіне қарай бара жатқан Атамыздың ұрығы (құрығы) бейнеленген. Адам да, Адай да – екі буыннан тұрады. Бұл екі буынның екеуі де ер және әйел адам дегенді білдіріп тұр.

Ұрық – барлық тіршілік иелерінің бастауы (сперматозоид). Бейнелеп айтқанда, бір тамшы су.

Атамыз қазақтың сөздік қорында осы ұрықтың тегін білдіретін «Құрық» деген сөз бар. Құрық – Сол ұрықтың иесі Адайдың үлкен ұлы Қу Адай Әке деген мағына береді. Баламасы, басына ілмек байланған сырық, яғни асау жылқыны ұстайтын құрал. Өздеріңіз көріп отырғандай, Ер адамның ұрығы, құрықтан аумайтын - сперматозоид. Әйел адамдікі - жұмыртқа жасушасы деп аталады. Құрықпен жылқыны қуып жүріп ұстағаның сияқты, ер адамның ұрығы да әйелдің жұмыртқа жасушасын «жасырынып жатқан жеріне» қуып барып ұстайды.

Демек, ұрықтың (спермотозоидтің) атасы, яғни «авторлық құқығы» Қу Адай Әкемізде жатыр. Мұны ақыл – есі дұрыс, бірде – бір Қазақ баласы жоққа шығара алмайды. Атамыз Қазақтың ҚҰРЫҒЫ осылай сөйлейді. Жарайсыңдар! Аталарым! Сөз жасасаң, осылай жаса. Тарих жазсаң, осылай жаз. Тарихты бір ауыз сөзбен осылай жазу Қазақтан басқа еш бір елдің қолынан келіп көрмеген. Келе де алмайды.

Менің осы айтқандарымның айдай айғағындай болып, жоғарыда айтқанымдай Маңғыстау облысы, Қарақия ауданының орталығы күні бүгінде де ҚҰРЫҚ деп аталады.

Құрық кенті – Маңғыстау облысы, Қарақия ауданының орталығы. Ақтау мен Жаңаөзен қалаларының орта жерінде, Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Қазіргі таңда кентке жақын жерде Құрық теңіз порты салынып жатыр.

Жер бетінің ешбір жерінде Маңғыстаудағы Құрықтан басқа Құрық атты топономикалық атау жоқ. Бола да алмайды. Бұл жерде де «авторлық құқық» толықтай сақталып тұр.

Ер адамның тастан жасалған аталық мүшелері 360 әулиелі киелі Маңғыстаудың Шопан ата, Оғланды, Уәли Ата, Ескі Бейнеу т.б. қорымдарында көптеп кездеседі. Өзге өңірлерде, тіпті әлемнің өзге елдерінде молаға мұндай тас белгі қойылмайды.

Екінші, сол жағында аналық мүшесін көрсетіп отырған Адам атаның қабырғасынан жаратылған Ауа анамыздың бейнесі. Маңғыстаудың ежелгі қорымдарында мұндай таңбалар да баршылық. Ең көбі Сисем ата қорымында көптеп кездеседі.

Маңғыстаулық Адайлардың бірнеше таңбасы бар. Олардың негізгілері «Күн (дөңгелек)», "Тіл" (Ежелгі шежірелердің бәрінде "Тіл таңбалы Адайлар" делінеді), "Шаңырақ" (ішіне крес салынған дөңгелек, бұл таңба Маңғыстауда бірнеше жерде бар), «Босаға» (Бұл таңба Қосай таңба деп те аталады), "Садақ", "Жебе" және  "Садақ тартып тұрған салт атты". Бұлай болатыны, олар осы ұғымдардың бәрінің "авторы" деген сөз.

«Адайлардың оннан аса таңбасы бар. Солардың ішінде бейіт басындағы құлпытастарда ең көп кездесетіндері мына үш таңба:  ( ). Бұлар тек қана Адай таңба емес, Оғыз таңба деп те аталады. Алдыңғы екеуінің ұш жағы әр жаққа қаратылып қойыла береді» (Т.С.Досанов «Руника құпиясы» Алматы-2009. 72 бет).

Соңғы, үшінші жебеге ұқсас болып тұрған, өзгермейтін таңба да әйел адамның аналық мүшесі таңбаланған.

Түсініктеме: Рулық таңбалар сол таңба атын иемденген рулардың тегі, яғни бүгінгіше айтқанда фамилиясы болып табылады. Ежелгі қазақта, рулардың өз таңбаларын астарына мініп жүретін аттарына салатын дәстүр болған. Жолай кездескен кісілер олардың қай атадан екенін, сол таңбаларға қарап сұрамай-ақ білетін болған.

Үшінші, екеуінің үстінде Атамыздың құрығына ілінген Аналық ұрықтың Ана жатырында қосылып, даму кезеңінің соңғы сатысы бейнеленген.

Төртінші, дискінің сырты мен қақ ортасында екі дөңгелек және олардың ортасында жарты дөңгелекте Күн мен Ай және Жер бейнеленген. Күн - Қу және Үн (Ұн, Ұң). Бұл Адайдың үлкен ұлы, яғни бірінші буын ұрпағы Қу Адай әке (Құдайке) мен оныншы буын ұрпағы Мұңал (Монғол) деген сөз. Мұңалдың сөз түбірі, яғни өз түбі, өз атасы "Ұң" болатыны осыдан. Монғолдың сөз түбірі «Он» болатыны да осыдан. Бұл Адам Атаның шежіре тарихы ешқайда бұрылмастан "Ұңғының" ішімен тікелей келіп Адай Атадан «Мұңал ошаққа»  келіп тіреледі деген сөз. Түтік заттың ішінің бәрін ұңғы дейтініміз де осыдан. Мысалы, мылтықтың ұңғысы. Ал, Ай - Адайдың екінші буынында тұр. Әйел - Ана деген мағына береді.

Ал, Жерге келсек, бұл Же және ер деген екі буыннан тұрады, толық мағынасы туыстығы бұзылмайтын, қыз алысып, қыз берісіп құда болуға болмайтын Жетінші буынға дейінгі Ер-азамат деген сөз. Шежірелік атауы Адайдың жетінші буын ұрпағы Жеменей (Бұзау). Же, Жем, Жеменей, Жеті мен Жердің «Же» деген бір түбірден, яғни бір атадан (бір рудан) болатыны осыдан.

Бесінші, Адам ата мен Ауа ананың және Адайдың үстіндегі екі қатардың біріншісінде Күн мен Айды және Жебені қоршап алты бейне салынған.

Бірінші мағынасы, Аталық ұрық пен Аналық жасушаның қосылғанынан басталатын, алты даму кезеңдері бейнеленген. Біз оны төртінші болып тұрған бейненің жыныстық мүшесі айқындалмағанынан және бесінші болып қыз, алтыншы болып ер бала тұрғанынан көреміз.

Бұл Алып би жүйесінде 1. А – Ата; 2. Ә – Әке; 3. Б – Бала; 4. Г – Гүл (Қызғалдақ, яғни қыз бала), қазіргі тілмен айтқанда - Апа. Біз бұл дыбыс-таңбаның Қыз балаға қатысты екенін қазақта «Г» әрібінен басталатын Ер бала есімінің қойылмайтынынан білеміз; 5. Ғ – Аға (ғалым, ғылым);  6. Д – Дай (Адай) деген мағына береді.

Ал, жеке дамудан өтіп, бір рулы елге айналып, одан ары әлемдік деңгейге ұласқанда  АЛАШ, АЛТЫ АЛАШ деген сөз. Алты Алаштың бүгінгі қарашаңырағы АЛШЫН. Алшынның қарашаңырағы Адай. (Қара: «Ежелгі қазақ қағанаты, немесе 666-ның құпиясы» https://m.facebook.com/permalink.php?story_fbid...id...).

Осы қатарда аяғынан тік тұрған ер мен әйел, яғни Адайдың әкесі Ел Адай (Елтай)  мен Анайы анамыз бейнеленген. Қазақта ол бізге Баба (Бап) деген есіммен белгілі. Олардың қасында екеуінен дүниеге келген баласы, яғни Адам атамыз бен қазақтың немересі, яғни қарашаңырағы Адай ата бейнеленген.

Атам замандардан бері Қазақ халқының дәстүрлі дінінің  негізін қалап, ұстанып, оны ұрпақтарына аманаттап кеткен Сопылық ілімнің көрнекті тұлғалары:

«Түркістан да түмен бап,

Сайрам ба бар сансыз бап,

Отырар да отыз бап,

Баптардың бабын сұрасаң,

Ең үлкені Арыстан бап»,

Пірлердің пірін сұрасаң, Мединеде Мұхамбет, Түркістанда Қожа Ахмет, Маңғыстауда Пір Бекет және басын Әз әулие бастаған Маңғыстаулық 360 әулиелер болып табылады.

Түсініктеме: «Ең үлкені Арыстан бап» дегеніміздегі «Арыстан» - Арыс және таң деген екі біріккен сөзден тұрады. Арыс – Қазақтың үш баласы: Ағарыс, Жанарыс және Бегарыс. Қазақ – Ата, ал үш Арыс – қазақтың үш баласы, олар бізге Әке, яғни біздер сол «үш аналы қазақ» пен үш әкеден тараған ұрпақ боламыз. Өздеріңіз көріп отырғандай, Қазақ бұл жерде Үш Арысқа әке, ал бізге Ата (Қазақ атам) болып тұр. Ал, «тан» - «таң», яғни күннің шығуы, өмірдің бастауы деген сөз. Этимологиясы «Т» - Ата, «Ан» - Ана болады, яғни Ата-Ана деген сөзіміздің қысқартылған нұсқасы.

«Бап» - Қазақтың «Ата-баба» дегендегі «Бабымыз» осы. Бізше «Әке», яғни «Ата-әке» болады. Ал, көрші орыс тілінде «баба» әйел деген мағына да қолданылады. Қазақтың ежелгі әңгімелерде, ежелгі шежіре-жыр, батырлық дастандардағы «Ата-баба» дейтіндері осы.

Пір – үйретуші ұстаз деген сөз. Сопылық ілімді тек қана ұстаз арқылы меңгеруге болады делінеді.

Алтыншы, осы алты бейненің сыртында тұрған он екі рулық таңба - ОН ЕКІ АТА Байұлы және оның ең кенжесі Адай деген сөз. Біз оны солдан оңға қарай санағанда 12-ші болып тұрған сүп-сүйкімді етіп бейнеленген жас баланың бейнесінен көреміз. Қазақтың барлық негізгі руларының бәрі ОН ЕКІ АТАДАН құралатынының сыры осы.

Бұл жерде сәл шегініс жасасақ, үш алтының алдындағы, екі алтыны қоссаңыз 6+6 = 12 шығады. Алты саны Алаштың, яғни аты айтып тұрғандай Алты Алаштың сандық атауы болса, Он екі қазақтың сандық атауы. Он екі жылда қазақ баласы мүшел жасқа толады. Он екі саны қазақта киелі саналады. Қазақтың қарашаңырағы да (кенжесі) 12 атадан құралады. Олар он екі ата Байұлы деп аталады. Бір жыл 12 айдан тұрады. Жыл қайыру, яғни жылды санау 12 жылдан тұрады, яғни 12 жыл бір айналым (цикл). 12 ай бір жылды құрайды. Сағат тілі 12 сағатта бір айналады. Домбырада 2 ішек, 12 перне болады. Кейбір елдердің 13 санынан қорқатындарының бір сыры осы болса керек.

12 демекші, Римдегі алғашқы заңдар б.з.д. V ғасырда он мыс тақтаға, кейіннен он екі мыс тақтаға жазылды, сондықтан оны «ХII кесте заңдары» деп атады. Кесте жұрттың көз алдында тұруы үшін Форумға қойылды. Қалада тұратын әр адам 12 кесте заңдарын білуге міндетті болды. «Он екі кесте заңдары», «Он екі қала-мемлекет», «Он екі тайпа» Қазақтың қарашаңырағы «Он екі Ата Байұлы» қағидасына сәйкес жасалған.

«Зодиак, зодиактік дөңгелек (грекше zodіakos, zoon – жануар) – Күннің бір жылдық көрінерлік жолының бойында (эклиптика бойымен) орналасқан 12 шоқжұлдыз [Балықтар, Тоқты, Торпақ, Егіздер, Шаян, Арыстан, Бикеш, Мизам (Таразы), Сарышаян, Мерген, Ешкімүйіз, Суқұйғыш]. Күн жүйесіндегі планеталар мен Ай да Зодиак арқылы өтеді. “Зодиак” атауы шоқжұлдыздардың ежелден-ақ жануарлардың атымен аталуынан шыққан. Ежелгі Грекияда Зодиак шоқжұлдыздары таңбамен белгіленген (қара Астрономиялық таңбалар). Күн мен түннің көктемгі (Тоқтыда) және күзгі (Мизамда не Таразыда) теңелу нүктелері мен жазғы (Шаянда) және қысқы (Ешкімүйізде) күн тоқырау нүктелері де Зодиак шоқжұлдыздарына сәйкес келетін таңбалармен белгіленеді. Прецессия салдарынан бұл нүктелер 2 мың жыл ішінде жоғарыда аталған шоқжұлдыздардан ығысып кеткен, бірақ таңбалары сақталған. Зодиак шоқжұлдыздар Қазақстан аумағының барлық жерінен көрінеді. (Энциклопедия).

Тоқты (зодиак)   | Торпақ (зодиак)   | Егіздер (зодиак)   | Шаян (зодиак)   | Арыстан (зодиак)   | Бикеш (зодиак)   | Мизам (Таразы) (зодиак)   | Сарышаян (зодиак)   | Мерген (зодиак)   | Тауешкі (зодиак)  | Суқұйғыш (зодиак)   | Балық (зодиак)  .

Бұл бүгінгі күнге дейін сақталып отырған соңғы нұсқасы. Ал, артефактіде ежелгі нұсқасы. Әрине, осы зодиактерге ат қойған сол ежелгі рулар екендігіне кімнің қандай дауы бар?

Тағы бір нұсқа да 12 жылға 12 аңдардың аты қойылған. «Қазақша мүшелдік жыл санау тышқан жылынан бастау алады. Одан ары қарай кезекпен сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз келіп отырады. Жыл аттары не себепті жануарлардың атымен аталатыны және жыл басы неге тышқаннан басталатыны туралы халық арасында аңыз-ертегі бар. 12 жылдық қайталама негізінде мүшелмен жыл есебін жүргізуді қазақ халқы «жыл қайыру» деп атайды» (Бұл энциклопедиялық, яғни қазіргі ғылымның түсініктемесі).

Ақиқатында, бұл деректе адам баласының өсіп-өніп даму барысындағы ең алғашқы 12 аңды қандай ретпен танып, білуі негізге алынған. Адамдардың ең алғаш астығын ұрлап жеген тышқанды танығанына, сондықтан оның жыл басы болып аталғанына кімнің қандай дауы бар? Қара («Жыл қайыру қалай пайда болды?» https://abai.kz/post/40537).

Менің қолымда қазақтың қарашаңырағы 12 байұлдарының 13 түрлі нұсқасы бар. Соңғы нұсқаларда кейбір рулар 12-нің қатарынан шығарылып орнына жаңа рулар кірген. Себебіне келер болсақ, Аллатағалының жаратуына сәйкес, Қарашаңырақ міндетті түрде 12 рудан аспау керек екен. Осы рулар және басқалары үнемі жақсылыққа жарысу үстінде болып, сәл әлсіздікке бой алдырғандары қатардан шығарылып отырған.

Жетінші, Жебе (Адай) он екі атаға барып тіреліп сол он екі Атаның қарашаңырағын ұстап отыр. Қазақтың рулық шежіресіндегі Адайдың ең соңында тұратынының сыры осы.

Сегізінші, дискінің төменгі жағын толық алып тұрған Адам атамен, соңғы жиектегі он екінші болып тұрған сәбидің бейнесі арасын он сызық бөліп тұр. Бұл Адайдың 2 ұлы мен 8 немересі деген сөз. Бірінші буындағы үлкен ұлы Қу Адай әке (Құдайке) болса, кенжесі Мұңал (Монғол) оныншы буында тұр.

Біз бұл жұмбақты шешуге Атамыз қазақтың әлемде теңдесі жоқ, бір адам емес, рулы ел болып жазылатын  рулық шежіресін, Ата салты мен сандық жүйесін және сопылық ілімнің тарихат жолын басшылыққа алдық.

«Адам – Сафи баласы,

Бір теректен сан бұтақ,

Дүниеге келген сан болып

Буын-буын тақталы». Бұл сопылық ілімнің көрнекті тұлғаларының бірі әйгілі Нұрым жырау атамыздың толғауынан үзінді.

Енді осындағы суреттерді қазақтың сандық қағидасына салсақ:

Бір саны – Адам (й) ата мен оның екі ұлы Қу Адай әке (Құдайке) мен Келімберді.

Екі саны – Адай атаның екінші буын ұрпағы, яғни бірінші немересі  Тәзіке мен Қазақтың сандық атауы.

Үш саны – Адайдың үшінші буын ұрпағы, яғни екінші немересі Қосай атамыз. Сонымен қатар қазақтың үш арысы (Ағарыс, Жанарыс, Бегарыс). Үш алтыны қоссаңыз 6+6+6 = 18 мың ғалам шығады.

Алты саны – Алаш,  Алты Алаш, шежірелік атауы Адайдың алтыншы буын ұрпағы Балықшы. Бәрінің «ал» деген бір түбірден, яғни бір атадан болатыны осыдан.

Он саны – Адайдың екі ұлы мен сегіз немересі.

Он екі саны – Қазақтың қарашаңырағы 12 ата Байұлдарын құрайды. Қазақ баласының 12 жылда бір мүшел толтыратыны осыдан.

Бұл артефактіні жасағандар осы біздің қазақтың Ата-бабалары. Негізгі мақсаты адамзат цивилизациясының қайдан, кімнен бастау алғаны жайлы шынайы деректерді ұрпаққа жеткізу. Бұл артефактіге кім, қай елдің өкілі түсінік бере алса, сол ел ең алғашқы Адам атамыздың Қарашаңырағын ұстап отырған болып шығады емес пе? Демек, бұл адамзат цивилизациясының бастауы тек қана қазаққа тиесілі деген сөз.

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім

Abai.kz

49 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502