Сенбі, 23 Қараша 2024
2611 0 пікір 12 Шілде, 2019 сағат 13:40

Нұр-Сұлтандық көпбалалы отбасылардың балалары ЖОО да тегін оқиды

Мемлекет тарапынан көпбалалы аналар мәселесіне айрықша көңіл бөлініп отыр. Елімізде “Алтын алқа” сондай-ақ, “Күміс алқа” алған аналар аранйы жәрдемақы алады. Одан бөлек, бала  бір жасқа толғанға дейінгі төленетін арнайы жәрдемақы да бар.

Жанұядағы бала саны төрттен аналар 2018 жылдың 1-қаңтарына дейін құжат рәсімдесе, олар мемлекет тарапынан 10 504 теңге көлемінде жәрдемақы алады. Одан бөлек, бір реттік жәрдемақы көлемі төртінші бала дүниеге келген сәттен бастап 159 075 теңгені құрап отыр. Ал, үшінші баладан кейін дүниеге келген нәрестелерге ай сайын мемлекет 22 473 теңге жәрдемақы тағайындаған.

Ал, елімізде жеті бала және одан да көп баланы өмірге әкеліп тәрбиелеген аналар “Алтын алқа” иегері болады. Содай-ақ, “Күміс алқа” алты бала дүниеге әкелген аналарға беріледі.  Оларға берілетін ай сайынғы жәрдемақы мөлшері 16 160 теңгені құрайды.

Ал, биылдан бастап  Нұр-Сұлтандық аналарға мемлекет тарапынан бірнеше жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтсақ, Нұр-Сұлтандық көпбалалы аналардың балалары жоғарғы оқу орындарында тегін білім алады. Яғни мұнда жан басына шаққандағы орташа табыс ең аз күнкөріс деңгейінен, яғни, тоқсан екі мың тоғыз жүз тоқсан бір теңгеден аспауы тиіс.

Және, Нұр-Сұлтандық аналарға халықаралық 8-наурыз әйелдер күнінде 6 313 теңге көлемінде бір реттік ақша тағайындалған. Сонымен қатар, елордалық көпбалалы аналар қоғамдық көліктерде ақысыыз, тегін жүреді.

Мұның барлығы да ана мен бала жағдайы үшін билік тарапынан атқарылып жатқан ауқымды істер.

Сонымен қатар, мемлекет тарапынан тұрмыс деңгейі төмен жанұяларға да арнайы көмектер қарастырылған. Мәселен, адам  басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен әр азаматқа немесе кедейлік шегінен төмен жанұяларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Ол биылғы жылдың бірінші тоқсанында Нұр-Сұлтан қаласы үшін он бес мың теңге көлемінде бекітілген. Сондай-ақ, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларр үшін коммуналдық қызметтерді төлеуге жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдік төлемінің орташа көлемі төрт-бес мың теңгені құрайды.

Ал, тұрмыстық жағдайы төмен отбасылар қатарына соңғы бір жылда отбасы мүшелерінің әрқайсының айлық табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын жанұялар жатады.

Енді бала бір жасқа толғанға дейінгі берілетін жәрдемақы туралы аз-кем ақпарат. Ол ең әуелі балаға күтім жасайтын, міндетті әлеуметтік көмек жүйесінің мүшесі емес отбасыларға беріледі. Сонымен қатар, 2018 жылдың 1-қаңтарына дейін өмірге келген нәрестеге күтім жасайтын аналарға беріледі. Ескере кететін бір жайт, ол міндетті әлеуметтік көмек жүйесінің мүшесі болға тиіс.

Енді аталған жәрдемақыны қайдан алу керек дегенге аз-кем тоқталсақ.

Ол үшін тұрғылықты адрес бойынша, халыққа қызмет көрсету орталығының “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясына бару қажет.  Сонымен қатара бұл жұмыс үкіметтің www.egov.kz сайты арқылы да жасалады.

Ал, биылғы жылдан бастап бала күтіміне берілетін жәрдемақы көлемі бірінші балаға 14 544 теңгені құрап отыр. Яғни, бұл дегеніңіз – 5,76  айлық есептік көрсеткіш көлеміне тең. Ал, екінші балаға төленетін жәрдемақы бағасы – 17 195 теңгені құрайды. Бұл – 6,81 айлық есептік көрсеткішке тең. Сонымен қатар үшінші балаға – 19 821 теңге төленеді.Яғни, 7,85 айлық есептік көрсеткіш. Одан кейінгі төртінші және одан көп балаға – 22 473 теңге төленеді. Бұл дегеніңіз – 8,90 айлық есептік көрсеткіш.

Ал, аталған жәрдемақыны алу үшін қажетті құжаттар тізіміне тоқталсақ. Халыққа қызмет көрсету орталығындағы “Азаматтарға арналған үкімет” корпорациясына аналар бала  туғаннан кейінгі жәрдемақы алу туралы жазылған өтініштерін, жеке басты куәландыратын құжат пен егер оралман болған жағдайда оралман куәлігін ала баруы тиіс. Сонымен қатар, баланың туу туралы куәлігі немесе туу туралы актінің жазбасы да қажет. Ұл немесе қыз баланы қамқорлыққа алған жағдайда, сол қамқорлықты растайтын құжатты ала баруы тиіс. Және, қызметті алушы ұсынған мәліметтер мен баланың туутуралы куәлігінде жазылған мәліметтер өзара сәйкес келмеген сәттерде некеге тұру немесе ажырасу туралы куәлік қажет.

Ал, аталған жәрдемақыны тағайындау үшін электронды өтініш пен өтініш берушінің электронды-цифрлық қолтаңбасы қажет. Сонымен қатар, жәрдемақының тағайындалғанын білу үшін тиісті ақпараттар жазылған электронды сұрау яғни, элеткронды-цифрлық қолтаңба қажет.

Аналарға мемлекет тарапынан  жасалып отырған осындай бірнеше әлеуметтік көмектер бар. Мемлекеттің аналарға деген мұндай қамқорлығы алдағы уақытта да толастамақ емес.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522