Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
4443 0 пікір 13 Тамыз, 2019 сағат 16:14

Медеу, Шымбұлақ жолындағы 1000 шаршы метр аумақ өртенді

Алматыда Медеу ауданында тағы да дала өртеніп жатыр. Бұл жолы жалын Медеу мен Шымбұлаққа баратын жолды шарпыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Горельник лагерінің жанындағы құрғақ ши өртеніп жатыр. Оқиға орнына арнайы техника өрт сөндіру жасағы, құтқарушылар аттанды», - делінген қалалық ТЖД таратқан хабарламада.

Айта кету керек, 11 тамызда Көктөбе бөктерінде құрғақ ши өртенген болатын. Оны сөндіруге бірнеше тікұшақ жұмылдырылды.

Оқиға болған жерге көп ұзатпай Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев барды.

Кейін арада бірнеше минут өткен соң сол аймаққа жақын жерде тағы бір өрт тұтанды. Бұл жолы тілсіз жау Диваев көшесіне жақын болды.

Қызыл жалын 1000 шаршы метр аумақты жалмаған. Сол жерден өрт сөндірушілер бір адамның денесін тауып алды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1030
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2577
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 718
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 682