Сенбі, 23 Қараша 2024
Анық 5828 0 пікір 21 Тамыз, 2019 сағат 19:10

Елбасы: Барлық сайлаулар конституциялық мерзімде өтеді

Бүгін, 21 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа Нұрсұлтан Назарбаевтан бөлек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев және үкімет мүшелері, президент әкімшілігі, депутаттар мен әкімдер, сондай-ақ, ұлттық компаниялар қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев отырысты ашып, партияның атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларына тоқталды.

"Жаңа саяси жағдайларда партияның рөлі айтарлықтай артады. Бүгін біздің кеңейтілген отырыста партия алдында тұрған міндеттерді талқылап, алдағы қадамдарымызды белгілеуді ұсынамын", - деді Елбасы.

Соынмен қатар, Елбасы барлық сайлау конституциялық мерзімде өтетінін айтты.

"Барлық сайлау конституциялық мерзімде өтеді. Қазір Үкімет пен атқарушы билік сайланған президент Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын қолға алуы тиіс. Міне, біздің партия осыған бағытталуы қажет", - деді Елбасы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел ішінде тәртіп бұзылуының салдары туралы ойымен бөлісті.

"Посткеңестік елдерден бастап Африкаға дейінгі елдерді қарап көріңіз. Саяси тұрақсыздық кезінде бірінші кезекте кім зардап шегеді? Экономика құлағандықтан, халықтың өмір сүру сапасы да төмендейді. Жұмыс істеуге уақыт жоқ – шулап, ортаға шығады. Демонстрация мен шерулер... Тәртіп пен билік жоқ жерде – проблема шешілмейді. Әрбір адамның қауіпсіздігі, елдің тұрақтылығы бұзылады. Өзекті мәселелермен айналысу шетте қалады. Әрқашан шулап жүретін адамдарға тағы да бір айта кетейін, барлық сайлаулар конституциялық мерзімде өтетін болады. Осы тақырыпты жабайық", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ал Премьер-министр Асқар Мамин партия жұмысының қайта реттелуіне байланысты Үкімет пен партияның өзара іс-қимылының жаңа форматтары енгізілетінін хабарлады.

Abai.kz
0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364