Берік БЕЙСЕНҰЛЫ. КСРО көсемдері қанша жалақы алды?
Өткен тарих қызық. Оны жоққа шығаруға болмайды. Десек те, жүріп өткен жолға қараудың да жөні бар. Өйткені өткенді сызып тастай алмайсың. Санадан да... Бірақ әлемдік геосаясаттың арасалмағын таразылап отырған КСРО-дай алып мемлекеттің 70 жыл ғана өмір сүріп барып, тарих қойнауына кетуі кімді де болса толғандырмай қоймайды. Жарайды, империялық мемлекеттің құрдымға кетуі жаңа мемлекеттердің тәуелсіздік алуына жол ашты. Бірақ...
Бәрібір өткен қоғамның толық ашылмаған саясатына үңіле бергіміз келеді. Оның себебі бар. Өйткені КСРО-дай алып мемлекетте ашықтық пен жариялылық болған жоқ. Бүгін ғой, демократиялық құндылықтарға қадам басқан тұста біз барлығынан да хабардармыз. Интернеттік байланыс күшейді, ақпарат көз алдыңызда тұр. Интернетті қос та, керегіңді ала бер. Ал бұрын...
ТАСС-тың ғана мәліметін ақиқат деп ұғатын ұлттық сана тәуелсіздіктен кейін ғана жаңғырды. Бүгін біз Обама мен Медведевтің, Путин мен Саркозидің, Меркель мен Берлусконидің қанша айлық алып, қаншасын жарататынын білеміз. Оған таңданбаймыз да. Ал КСРО көсемдерінің қанша айлық алатынын білмей келдік, білмей де өстік. Бүгін бәрі қызық. Өйткені өткен қоғам - тасбауыр, өткен дәуір - құпия. Сонымен...
Өткен тарих қызық. Оны жоққа шығаруға болмайды. Десек те, жүріп өткен жолға қараудың да жөні бар. Өйткені өткенді сызып тастай алмайсың. Санадан да... Бірақ әлемдік геосаясаттың арасалмағын таразылап отырған КСРО-дай алып мемлекеттің 70 жыл ғана өмір сүріп барып, тарих қойнауына кетуі кімді де болса толғандырмай қоймайды. Жарайды, империялық мемлекеттің құрдымға кетуі жаңа мемлекеттердің тәуелсіздік алуына жол ашты. Бірақ...
Бәрібір өткен қоғамның толық ашылмаған саясатына үңіле бергіміз келеді. Оның себебі бар. Өйткені КСРО-дай алып мемлекетте ашықтық пен жариялылық болған жоқ. Бүгін ғой, демократиялық құндылықтарға қадам басқан тұста біз барлығынан да хабардармыз. Интернеттік байланыс күшейді, ақпарат көз алдыңызда тұр. Интернетті қос та, керегіңді ала бер. Ал бұрын...
ТАСС-тың ғана мәліметін ақиқат деп ұғатын ұлттық сана тәуелсіздіктен кейін ғана жаңғырды. Бүгін біз Обама мен Медведевтің, Путин мен Саркозидің, Меркель мен Берлусконидің қанша айлық алып, қаншасын жарататынын білеміз. Оған таңданбаймыз да. Ал КСРО көсемдерінің қанша айлық алатынын білмей келдік, білмей де өстік. Бүгін бәрі қызық. Өйткені өткен қоғам - тасбауыр, өткен дәуір - құпия. Сонымен...
Ал өмірге социалистік құндылықтарды алып келіп, коммунистік жаңа қоғам орнатуға талпынған пролетариат көсемі қанша жалақы алды? Бұл бүгін де қызық. КСРО қоғамында жоғары деңгейдегі шенеуніктердің жеке өмірі мемлекеттік құпия ретінде сақталып келді. «Кремль бухгалтериясы» Ленин, Сталин, Брежнев, Черненко, Андроповтардың жалақы жөніндегі ведомствосының сырын ашқан жоқ. Бүгін ғой, демократиялық принциптерге және салыққа қатысты заңдылықтарға сәйкес кез келген шенеунік табыс декларациясын жариялайды. Десек те, КСРО көсемдерінің айлық табысы қанша болды?
Жалпы социалистік жүйеге жол салушы, әлемдік төңкерістің көсемі Лениннің өткен ғасырдың басында қол қойып кеткен нұсқауы КСРО-да 1979 жылға дейін орындалып келді деп қорытынды жасауға болады. Атап айтар болсақ, мемлекеттік қызметте жүрген жоғары шенеуніктерге көлденең табыспен айналысуға тыйым салынды, тіпті қаламақы алуға да рұқсат етілмеді. Сонымен, пролетариат көсемінің айлығы 500 сом шамасында болды дейді дереккөз. «Бұл жалақы Лениннің өмір сүруіне толық жетті» дейді көне тарихты қозғаған мұрағат. Алайда Ленин халықтың сол кездегі хал-жағдайын толыққанды түсіне отырып, жалақысын арттырудан бірнеше рет бас тартты деген дерек бар. Әйтсе де, биліктегі бұл қарапайымдылық билік басына жез мұрт Сталин келгеннен кейін ондаған жыл өткен соң барып бұзылғанға ұқсайды. Атап айтар болсақ, Бас хатшы Сталин Жаңа экономикалық саясат кезеңінен бастап 1935 жылға дейін 225 сом жалақы алып, айына 6 сом 75 тиындық партиялық жарнасын төлеп келген көрінеді. Әрине, бұл уақыт кеңестік кезеңнің ең ауыр жылдарды бастан кешіп, ашаршылық орнап, елде «үлкен террордың» бастау алар тұсы екендігін ескерсек, бұл айлықты төмен деуге келмес. Кремльдің жаңа қожайынының алғаш рет айлық табысы 1935 жылы күрт көтерілгенін айта кету керек. Бұл бұл ма, кеңестің ішкі, яғни «халық жауларына» күресті күшейткен Сталин келер 1936 жылдың ақпанында жалақысын 1200 сомға көбейтті, оның бұл кезеңде партиялық жарнасы 36 сом құрағанын айта кету керек. Негізінен, бұл қаржыға шалқып өмір сүруге болатын еді: өйткені сол кезеңде КСРО өндірісіндегі орташа айлық жалақы көсемдікінен 5 есе төмен болды. Ал соғыстың аяқталар тұсында «халықтар көсемі» айына 2000 сом жалақы алды. Ұлы жеңістен кейін 1947 жылы Сталиннің ел алдындағы еңбегі ескеріліп, оның табысы 10 мың сомға жетті. Алайда КСРО-ның мемлекеттік шенеуніктері алатын ең жоғары табысты Никита Хрущев билік басына келгеннен кейін бірден төмендетті деуге болады. Ол 1949 жылы Орталық комитеттің хатшысы ретінде 800 сом алғаны белгілі. Ал Орталық комитеттің бірінші хатшысы қызметіне келген кезде де ол осы көлемдегі жалақыны қанағат тұтты. Ол билікте болған жылдары бірде-бір рет сыйақы алмаған көрінеді. Отставкаға кеткеннен соң 2 айдан соң, 1965 жылдың қаңтарына дейін 800 сом көлемінде айлық алып тұрған. Тек содан кейін барып оған 500 сом көлемінде одақтық дәрежедегі зейнетақы тағайындалған екен. Хрущев өмірінің соңына дейін осы көлемде зейнетақы алып келген жалғыз Кремль қожайыны болып табылады.
Леонид Ильич Брежнев Хрущевтің жалақыға қатысты ұстанымын жойған жоқ, ол да 9 жыл бойы айына 800 сом айлық алып келді. Тек 1973 жылдан кейін ғана оның материалдық игілігі артты, 1973 жылы оған «Халықтар арасындағы бейбітшілікті нығайтқаны үшін» халықаралық Лениндік сыйлық берілді. Сөйтіп, оның жалақысы 25 мың сомға күрт артты. Ол ол ма, 1970 жылдардың аяғына қарай кеңес әдебиетіне жаңа есім келіп қосылды. «Малая земля», «Целина» және «Возрождение» кітаптары үшін Леонид Ильич Брежнев көңіл толатын қаламақы алып тұрды. Брежневтің әл-ауқаты 1979 жылдан бастап «жақсара» бастағанын айта кету керек. 1979 жылдың шілдесінде 21132 сомның, 1980 жылдың мамыр айында 17780 сомның, осы жылдың желтоқсан айында 30150 сомның партиялық жарнасын төлеген. Мәскеуде олимпиада басталған 1980 жылы Бас хатшының жеке табысы 78349 сомды құраған, ал 1981 жылы 121728 сомға жеткен көрінеді. «КСРО-ны басқарған 20 жылға жуық уақыт ішінде Брежневтің қаржысы жарты миллион сомға жетті» дейді орыс баспа-сөзі. Әрине, мұның барлығы да - Брежневтің әртүрлі туындылар мен сыйақылардан түскен табысы. Ал 1979 жылы бас хатшының жалақысы 1582 сом болғанын айта кету керек.
1982 жылдары алып империяны басқарғанымен, билікте көп бола алмаған Юрий Андропов айына 1200 сом ақша алып тұрған. Бірақ ол Бас хатшы болып сайланғаннан кейін ол осыдан 40 жыл бұрынғы Сталин дәуірдегі 800 сомдық айлыққа қайта оралған көрінеді. Алайда Брежнев секілді ол да қаламақыдан көп табыс тапқан. 1984 жылдың қаңтар айында оның табысы 8815 сомға жеткен көрінеді. Бұдан кейін билікке келген Черненко да сталиндік-андроповтық дәуірдегі 800 сомдық айлықпен күн көргенге ұқсайды. Алайда ол да Брежнев секілді әртүрлі партиялық конференцияларда сөз сөйлеп, оның баяндамалары жиі кітап болып жарық көрген. Мысалы, 1984 жылдың мамыр айында оның жалақысына қаламақылық үстеме ретінде 1200 сом, маусым айында 1700 сом қосылған екен.
Ал КСРО-ны тарих қойнауына жіберген Михаил Горбачев 1990 жылдарға дейін өзінің айлық табысын өзгерткен жоқ, 800 сом көлемінде табыс тауып келді. Тек Президент болғаннан кейін ол 3 мың көлемінде айлық табысқа ие болды. Алайда бұл Горбачевтің жалақысы ғана. Көп сөйлеп, баяндамаларының бәрін кітап етіп бастырған Горбачев те қаламақыға қарық болды. Горбачевтің басқару дәуірінде ел-дің әл-ауқаты нашар болғанымен, Президенттің жағдайы төмен болған жоқ. Ол сөзуарлыққа салынып, КСРО-ны келмеске жіберді. Алып ел империяны «қайта құрамын» деп құртты. Осы қадамымен тарихта қалды.
...Құпиялылықтың болғаны да құнды шығар. Бірақ бұл өткенді көксеу емес. Ақиқаты, билік пен бұқараның әл-ауқатында алшақтық болса, сол қиын...
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=9008&Itemid=2