Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
5710 5 пікір 27 Тамыз, 2019 сағат 12:12

АҚШ Ресейге тағы санкция салды

Скрипалдардың ісіне байланысты Ресейге қарсы америкалық санкциялардың екінші пакеті 26 тамызда күшіне енді. Құжатқа АҚШ президенті Дональд Трамп тамыздың басында қол қойған.

Жаңа санкциялар туралы елдің Федералдық реестрлер сайтына жарияланған мәлімдемесінде АҚШ халықаралық қаржы ұйымдарынан Ресейге несие, қаржылық және техникалық жәрдем бермеуі керектігін талап еткен.

Жаңа санкцияларға сәйкес, АҚШ-тың барлық банктері орыс үкіметіне азық-түлік және басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алудан басқа мақсаттар үшін несие бере алмайды.

Мұнан бөлек америкалық банктер мен жеке инвесторлардың бастапқы нарықта Ресей мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алуға тыйым салынады. Бұл тыйым санкциялар енгізілгеннен кейін шығарылған бағалы қағаздарға ғана тиесілі болады.

АҚШ «Скрипалдардың ісіне» байланысты Ресейге қарсы алғашқы санкцияларды өткен жылы 22 тамызда енгізген. Олар Ұлыбританияның аймағында бұрынғы ресейлік тыңшы Сергей Скрипаль мен қызы Юлияның улануына байланысты енгізілген. Бұл оқиға АҚШ және Ұлыбритания билігі тарабынан басқа өлкенің аумағында биологиялық және химиялық қару қолдануы ретінде бағалаған.

Санкциялардың бірінші кезеңінде АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік күшіне тиесілі тауарларды және технологияларды, сол секілді электроника, авиация және мұнай-газ саласында қолданатын жабдықтарды Ресейге экспорттауға тыйым салынған.

Мұнан бөлек америкалық әуежайлардың ресейлік әуе компаниялармен жұмыс істеуіне тыйым салу, ресейлік банктерді халықаралық төлем системаларынан шығару жайы да талқыланған. Бірақ бұл идеялар жүзеге аспады.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1093
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2639
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 765
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730