Жұма, 22 Қараша 2024
5079 4 пікір 31 Тамыз, 2019 сағат 01:30

Қызылордада жастарға жасалған жәрдем жетерлік

Биылғы жылдың ІІ тоқсанына Қызылорда облысында экономикалық белсенді жастар 101 мың 100 адам (15-28 жас аралығындағы), оның 4 200-ы жұмыссыздар, жұмыспен қамтылғандар - 96 800, жалдамалы қызметкерлер - 58 200, өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлер - 39700 болып отыр, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

«Ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,2% құрайды. Соңғы 5-6 жылда бұл көрсеткіш тұрақты төмендеп келеді» дейді Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов.

Сондай-ақ, ол бүгінгі буын өкілдерін жұмыспен қамту күн тәртібіндегі негізгі мәселе екендігін алға тартты. Бұл мемлекеттік бағдарламалардың басымдықтарының бірі екендігін атап өтті.

– Өңірде мемлекеттік бағдарламалардың басымдықтары бірінші кезекте жұмыссыз жастарды тарту болып белгіленгендігін айта кеткеніміз жөн. Өткен жылы 12 мыңнан аса жас бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдалана алды. Үстіміздегі жылы, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына қатысушы ретінде 5390 жас енгізілген, оның 3234-і ауыл жасы. Бірінші бағыт – 2019 жылдың 1 маусымына қысқа мерзімді кәсіптік біліммен 89 адам қамтылған (2019 жылдың 1 қаңтарына – 672 .). Екінші бағыт – Жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасына қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне бойынша 220 жас (1 қаңтар 2019 - 490) оқытылды. 2019 жылдың 1 маусымына 29 жас шағын несие алды (2019 жылдың 1 қаңтарына - 149). Үшінші бағыт - Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы.

Бағдарламаның үшінші бағыты аясында 2019 жылдың 1 жартыжылдығына 1759 жас бос жұмыс орындарына, 328 жас Әлеуметтік жұмыс орындарына, 1441 жас жастар тәжірибесіне және 1042 жас қоғамдық жұмыстарға орналастырылды, - деді басқарма басшысы.

Жалпы, сырбойылық жастардың саны Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен 28 жас аралығында 176 746 азамат немесе 22,2%-ды құрайды. Оның ішінде қалада 72 614 жас (41%) және ауылда 104 132,0 жас (59%).

Биыл ғана Сырдария өзенінің сол жағасында жаңадан жастар ресурстық орталық бой көтерді. Нысан бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде «ҚазГермұнай» Біріккен кәсіпорны» ЖШС демеушілік қолдауымен пайдалануға беріліп отыр. Жастар жылына орай ашылған орталықта IT-park, хакспейс, антикафе, интернет-кітапхана, жаттығу залы, коворкинг, фитнес-орталық, жастарға әдістемелік қызмет көрсету бөлмесі, 330 адамға арналған копфункционалды зал, жастар шығармашылығын дамыту орталығы, өз-өзіне қызмет көрсету бөлмесі және жастар ұйымдарының бөлмесі тәулік бойы жұмыс істейді. Сонымен қатар орталық жанынан «Орталық студияда – Бағлан Қалиевпен», «Жастар – қоғам назарында!», «Жастар STARTUP», «Еріктілер мектебі», «Жас маман», «Жас OTAU», «Жас кеңесші», «Жүрек

жылуы», «Орталық Cinema», «Біз спортты таңдаймыз!», «Дін және жастар» сынды 11 жоба ақысыз негізде тұрақты жүргізілуде.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333