Сейсенбі, 1 Сәуір 2025
6095 0 пікір 28 Тамыз, 2019 сағат 16:30

Ғалым Әміреев Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Әміреев Ғалым Махмұтбайұлы Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. 

Ғалым Әміреев 1970 жылы туған. Мәскеу экономика-статистикалық институты мен  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын «Қызмет» акционерлік қоғамының менеджері ретінде бастаған.

2001-2011 жылдары Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, сондай-ақ, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде жауапты басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

2012-2016 жылдары  «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы Инновациялық саясат департаментінің директоры, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болған.

2016 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін Жаңақорған ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 161
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 175
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 157
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 106