Сенбі, 23 Қараша 2024
3816 2 пікір 3 Қыркүйек, 2019 сағат 13:11

Нұрлан Нығматулин ЕҚЫҰ өкілін қабылдады

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Ұлт азшылықтары істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Ламберто Заньермен кездесті.

Тараптар екіжақты қарым-қатынасты нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.

Н. Нығматулин мен Л. Заньер әсіресе, Ұлтаралық келісімнің бірегей қазақстандық моделі және біздің еліміздің тәжірибесін әлемдік деңгейде пайдаланудың мүмкіндіктері туралы салмақты ойларын ортаға салды.

Мәжіліс Төрағасының пікірінше, бүгінде қазақстандық қоғамның ұлтаралық келісімі мен бірлігі еліміздің тұрақтылығы мен дамуының негізі болып саналады.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде теңдесі жоқ бірегей институтқа айналды. Қазіргі уақытта Қазақстанда 100 ден астам этностар мен 18 діни конфессия өкілдерінің тату-тәтті тұрып жатыр.

Палата Спикері Қазақстан ЕҚЫҰ және оның институттарымен ынтымақтастықты нығайтуға зор көңіл бөлетінін айтты.

Соның ішінде, этномәдени бірлестіктердің ақпараттық-коммуникациялық бағытын дамытудың маңыздылығы зор.

Өз кезегінде Л. Заньер Қазақстанның этносаралық моделі басқаларға үлгі бола алатындығын, алдағы уақытта Қазақстанның тұрақтылық пен бірлік жолындағы табыстары мен бай тәжірибесін есепке ала отырып, бірлесе іс-қимыл жасау қажеттігіне тоқталды және «Достық үйінде» болып, әртүрлі ұлт өкілдерімен кездескенін оларға жасалған жағдай мен мүмкіндіктер, мәдениет пен тарихи үндестік қызығушылық тудыратынын жеткізді.

Тараптар өзара сындарлы іс-қимыл ЕҚЫҰ кеңістігінде қауіпсіздік мәселелеріне серпін беретініне сенімді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371