Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3523 0 пікір 18 Мамыр, 2009 сағат 06:02

Пикассо да плагиатшы ма?

Пабло Пикассо десе, еске алдымен бейбітшілік көгершіні, сосын соғыс зұлматын бейнелеген әйгілі «Герника» түсетіні белгілі.
Міне, осы «Герникадағы» біраз образдар Пикассоның өз қиялынан шықпаған дүниелер көрінеді. Пикассо шығармашылығымен айналысатын бір топ испандық мамандар осындай ұйғарымға келіп отыр. Олардың пікірінше, Пикассо «Герникадағы» бұқа мен арыстан бейнелерін Х ғасырлық  Тәурат кітабының иллюстрацияларынан алған.
Бұл Леондық Тәурат кітабы 1929 жылы Барселона, 1937 жылы Парижде көрмеде көрсетіліпті. Ал Пикассоның өзінің «Герникасын» 1937 жылы, дәл осы Парижде салғаны белгілі.
Қысқасы, Пикассо «Герникасына» жаңа көзқарас ұсынушылар өз пікіріміздің өнертанушылық та, хронологиялық та берік негізі бар деп отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1093
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 765
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730