Сенбі, 23 Қараша 2024
2953 0 пікір 29 Тамыз, 2019 сағат 14:42

"NurOtan" партиясының 56% і әйелдер

Бүгінде қоғамның әр саласында әйел адамдардың үлесі артып келеді. Оған басты себеп - Елбасы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде гендерлік саясатын қолдау бағытында іргелі істер атқарылып келеді.

Мәселен, күні кеше Ақмола облысы Көкшетау қаласында аймақтық әйелдер форумы өтті. Ауыл әйелдерінің басын құраған аталмыш жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина қатысып, төрағалық етті.

Аталған жиынды Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен халықаралық “Coca-cola” қоры қолдаған. Сонымен қатар, G-Global Халықаралық Хатшылығы мен Ақмола облысының әкімдігі, “Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы” мен “Жасыл экономика және Global-ды дамыту Коалициясы” аталған шараның ұйымдастырылуына мұрындық болды. Олардан бөлек, ұйымдастырушылар арасында заңды тұлғалар мен бірлестіктер де бар. Айта кетейік, мұндай айтулы шара Ақмола өңірінде осымен екінші рет өткізіліп отыр.

Аталған форумда Мәжіліс депутаты Майра Айсина сөз сөйлеп, нәзік жандылар қоғамның қай саласында қызмет етсе де, өз ісінде белсенділік танытып отырғанын атап өтті. Соның нәтижесінде, бүгінде ел тұрғындарының 52 % әйелдер құрайтыны айтты. Ал, бүгінде үлкен маңызға ие НұрОтан партиясының 56 % нәзік жандылар екен. Демек, әйел адамдардың ерлермен иық тірестіре жұмыс істеуі бүгінгі қоғамда қалыпты құбылыс. Және, оған мемлекет тарапынан да қолдаулар аз емес.

Форумда айтылған тағы бір мәселе – ауылдық жерлерге жасыл технологияларды енгізу. Яғни, оны біреу әкеліп береді деп қарап отырғанша, жергілікті тұрғындар өз күштері мен еңбектерін пайдаланып, мектептерде, үйде қолдануға болатыны туралы айтылды. Мәселен, Ақмола облысын қарасты Аршалы ауданы Арнасай ауылында “Жасыл технологиялардың ұлттық академиясы” атты орталық ашылған. Форумда осы орталыққа қатысты бірнеше мысалдар келтірілді. Сонымен қатар, Ақмола облысының әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова форумға қатысушыларға облыс әкімінің сәлемін жеткізіп, форум жұмысының ілгерілей беруіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Ақмола облысында мемлекеттік басқару органдарында қызмет істейтін әйел адамдардың үлесі артып келеді. Мәселен, барлық деңгейдегі мәслихаттардағы 276 халық қалаулысының 70-ін әйел адамдар құрайды. Сонымен қатар, 532 жергілікті атқарушы органдардың 147-сінде әйел адамдар басшылық қызмет атқарады. Сондай-ақ, өңірдегі 56 селолық округтердің әкімі нәзік жандылар. Және, аймақтағы шаруа қожалықтарын басқарып отырған әйел адамдар да аз емес.

Мемлекеттің тікелей қамқорлығымен, Ақмола өңіріндегі шамамен 400 ге жуық әйел “Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту” бағдарламасының нәтижесінде өз кәсіптерін ашып, бүгінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Ал, биылдың өзінде аймақтағы 662 әйелге кәсіпкерлік негізінде тегін білім алуға жағдай жасалды.

Аталған форум барысында, арнайы келген өзге де қонақтар өз ойларын ортаға салып, “Ауылдық аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы”, “Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, бюджеттің төртінші деңейі” сынды бірқатар тақырыптарды талқылап, пленарлық отырыс өткізді.

Одан бөлек, әр ауданнан келген форум қатысушылары министрлік өкілдеріне көкейдегі сауалдарын қойып, тілек-өтініштерін айтты.

Тағы да айта кетерлігі – осы жылдың қараша айында екінші республикалық ауыл әйелдерінің форумы өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Қазіргі кезеңде ауыл әйелдерінің мәселесі де мемлекет назарынан тыс қалып отырған жоқ. Олардың үйде отырып кәсіппен айналысуы үшін барлық жағдай жасалған.

Мәселен, өткен жылы Ақтөбе өңірінде ауыл әйелдерін бизнеске тарту мәселесі бойынша, Атамекен кәсіпкерлер палатасынан, банк өкілдерінен арнайы мамандар сол өңірдегі жүзден аса әйел адамдарға ақыл-кеңесін берді. Яғни, банктер аймақтағы әйелдерге 1С бухгалтерлік бағдарламаны бір ай тегін оқытты. Сонымен қатар, бала тәрбиесі, отбасы және өзге де нәзік жандыларға қатысты бірыңғай жоба ұсынылған болатын. Ол жоба негізінде ауылдық жерлерде әжелер мен келіншектер орталығын құру туралы бастама көтерілген болатын. Мақсаты – жастарды тәрбиелік мәні бар әңгімелермен сусындатып, үлкендермен байланысын нығайту. Одан бөлек, ауылдағы әйелдердің кәсіпкерлікпен айналысуы туралы да келелі мәселелер көтерілген болатын. Онда, аймақтағы кәсіпкер келіншектің отбасындағы шағын шаруашылық жөнінде кеңестер берілді. Мәселен, ауыл келіншектеріне сиыр сауып, ірімшік, құрт, май, айран жасап отбасына қажетті бөлігін алып, қалғанын сатады. Солайша, өз кәсібін жолға қойып алуға болады.

Одан бөлек, ауыл әйелдеріне түрлі тәттілер пісіріп сату, әлеуметтік желілердің мүмкіндігін пайдалана отырып, түрлі кәсіппен айналысуға боатыны жқнінде аз айтылып жатқан жоқ. Қазіргі таңда мұндай әйелдер аз емес. Олар өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісіп отыратын мұндай орталықтар әр өңірде қажет.

Ал, жалпы, Аөтөбе облысында 44 мың кәсіпкер бар десек, солардың тең жарымын нәзік жандылар құрайды. Әрине, әйелдердің кһбі шағын кәсіпкердікпен айналысады. Мәселен, өткен жылдары Ақтөбе өңіріндегі ауылшаруашылығы саласында өнім өндіретін бес мыңға жуық кәсіпорынның тізгінін 700 дей әел адамдар ұстап отырған көрінеді. Ал, аймақтағы 400 ге жуық әйел ірі серіктестіктерді басқарып отыр.

Ал, бүгінде кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдер саны жалпы әр өңірде артып келе жатыр. Оған деген мемлекет қамқорлығы да ерекше. Ал, осы жылдың басында сол кездегі ҚР Премьер Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова да бірқатар қңірлерді аралап, әйелдердің кәсіппен айналысуына мемлекет жасап жатұан қамқорлықтар жөнінде арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын. Нәтижесінде, әр өңірдегі кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдер саны артып, олар өз кәсіптері бойынша аймақтың экономикалық дамуына оң ықпал етіп келеді.

Демек, бүгінгі қоғамда әйел адамдар тек отбасының ғана емес, мемлекеттің де дамуына өз ықпалын тигізіп, әр салада өз біліктіліктерін көрсетіп жүр. Ал, мұндай бастамалар қашан да мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371