Сенбі, 23 Қараша 2024
4082 0 пікір 23 Тамыз, 2019 сағат 16:05

«Білімді ұрпақ - ел ертеңі»

Бәріміз білетіндей, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үнемі Қазақстан халқына арнап Жолдау жолдайды. Соның бірі өткен жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында Елбасы қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру басты мақсат екенін айтты. 

Ол жолдауда Елбасы үкіметке, әр сала басшыларына азаматтардың тұрмытық деңгейін жоғарлату үшін жұмыс істеуге керек деп тапсырма берген болатын. Аталған Жолдаудың екінші тарауы "қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыру" болатын. Осы бөлімде мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керектігі айтылған.

Жолдаудағы екінші тармақтың екінші бөлімінде мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек деп тапсырма берген еді Елбасы. Жолдауда "біліктілік талаптарын, оқыту әдісін, тәрбиешілердің және балабақшадағы басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажет" екені анық көрсетілді.

Елбасы Жолдауына сай еліміздің түкпір-түкпірінде мектептер мен оқушыларға жан-жақты бұрынғыдан да мол көмектер жасалуда. Сол бағытта ауқымды жұмыстар қолға алынып, жүзеге асуда. Мәселен, балабақша, мектеп салу, мектептердің техникалық мүмкіндіктерін арттыру деген секілді игі басталмалардың көбеюі білім саласының қарыштап дамуына мүмкіндік беріп отыр.

Бұдан бөлек, Тұңғыш Президенттік тікелей тапсымасымен еліміздегі тұмысы төмен және аз қамтылған отбасылардың балаларының сапалы білім аулы үшін жан-жақты жағдай жасалуда. Көпбалалы отбасылардың балалары білім алу мүмкіндігінен қағылмас үшін мемлекеттік органдар қолғабыс жасап, мемлекеттік деңгейде "мектепке жол" акциясын жүргізуді.

«Мектепке жол» акциясы еліміздің әр өңірінде өз жұмысын жалғастыруда. Біз мысал ретінде бір-екі аймақта атқарлыған жұмыстармен таныстыра кеткенді жөн көрдік.

«Нұр Отан» партиясының Түркістан облысы, Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен әлеуметтік аз қамтылған көпбалалы отбасыларға көмек беру мақсатында «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты – аудандық партия филиалына келіп өтініш білдірген ата-аналардың   балаларын жаңа оқу жылына дайындауға көмек көрсету болып отыр.

Аталған іс шараға «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Мамаев, аудандық мәслихат депутаттары және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиналыста алғаш болып сөз алған «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының Төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев сбарша мектеп оқушыларын жаңа оқу жылы басталуымен құттықтады.

«Нұр Отан» партиясының дәстүрлі түрде өткізетін «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында бұл жолы да әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді. Биылғы жылғы акция Сайрам ауданынан басталып отыр. Барлық бүлдіршін мектепке толыққанды оқу жабдықтарымен қамтылмауы біздің азаматтығымызға үлкен сын. Партия атынан ұйымдастырылып жатқан акцияға  мәслихат депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері мен партиялас әріптестеріміздің қосқан үлесі зор. Жас өскіндердің мұқтаждығына ешқашан жол бермейміз», деді Бейсен Тәжібаев.

Кезекті акция аясында «Нұр Отан» партиясы филиалына балаларын мектепке дайындауға көмек беруін сұранған 24 отбасы мүшелерінің 50 оқушысына мектепке қажетті оқу-құралдарымен жасақталған сөмкелер алып берілді. Аталған іс шараға қатысқан сайрамдықтар өтініштерін қараусыз қалдырмай көмек көрсеткен «Нұр Отан» партиясының филиалына алғыстарын жеткізді.

Нақтырақ айтқанда, бүгінгі күнге дейін аудандық мәслихат депутаттары, партия фракциясының мүшелері және партияластар тарапынан сегіз жүз қырық бес отбасыға 4 млн 152 мың 400 теңге көлемінде материалдық көмек (киім, оқу құралдары) көрсетілген болатын

Сонымен қатар, Сайрам ауданының орталығы Ақсукент ауылында атқарылған тағы бір игі шара, ауданда музей ғимаратының құрлысы аяқталып, пайдалануға берілуге дайын. Құрылысы толық аяқталған    нысан жақын арада толыққанды жабдықталып, халық игілігіне берілетін болады. Сондай-ақ, партияның бастамасымен орталық балалар кітапханасындағы білім орталығы да өз жұмысын бастады.

Сайрам ауданы бойынша 2018 жылы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі 5 кітапханада білім орталықтары жұмысы іске қосылған. Заманауи орталық келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік береді. Кітапханада жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар жасалған: ыңғайлы кресло, үстел, ақысыз Wi-Fi, жедел интернет, Skype арқылы сұхбаттасу, принтер, сканер бар.

Егемен елдің ертеңі үшін білім жүйесін дамытып, жастарын жан-жақты білімді ұрап етіп тәрбиелеу жолында зор құлшыныстар жасалуда. Сол бағытта Елбасының берген нақты тапсырмалары мен Жолдауларында ұсынған жолдарына сай жұмыс істелуде. Балабақшада, мектепте, жоғары оқу орындарында болсын сапалы білім жастарға ауадай қажет. "Білімді ұрпақ - ел ертеңі" деген Елбасы сөзі бар.

"Біз гранттардың санын көбейттік, енді жауапкершіліктің кезеңі келді. Жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы. Жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажет. Нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететіндері ғана қалуға тиіс. Назарбаев Университетінің тәжірибесіне сүйеніп, үздік шетелдік топ-менеджерлерді жұмысқа тарту арқылы әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнату маңызды. Қазіргі білім инфрақұрылымының базасында Назарбаев Университетінің үлгісімен өңірлік жаңа жоғары оқу орнын құру қажет деп санаймын", - деген еді Назарбаев.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5400